Республикалық оқу әдістемелік бірлестік құрылды
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оку- әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 30.04.2025 жылғы № 100 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Гидротехникалық мелиорация» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік құрылды.(бұдан әрі-ОӘБ)
ОӘБ негізгі мақсаты ТЖКОБ ұйымдарындағы білім, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту мен үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, РОӘК-ке әзірлеу және рецензиялау болып табылады.
ОӘБ Жұмыс бағыттары: Ұйымдастыру-талдау жұмысы, оқу үдерісін оқу-әдістемелік сүйемелдеу, ОӘБ бейініне сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін ТжКБ ұйымдарының өзара әрекетін және қызметін үйлестіруді жүзеге асыру,әлеуметтік әріптестер – жұмыс берушілермен, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМК-мен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру.
ОӘБ мынадай функцияларды жүзеге асырады: ТЖКОБ жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттарын өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді; үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының, ТЖКОБ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мен жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізеді; ТЖКОБ жүйесіндегі білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
ОӘБ әзірлеген ТЖКОБ оқу-әдістемелік құжаттамасын, сондай-ақ оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдарын іске асырады және таратады; ОӘБ бейіндері бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТЖКОД ұйымдарынан ОӘБ жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық және өзге де материалдарды сұратады. Колледждердің білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын дамыту мәселелері, сондай-ақ оның құзыреттіне жататын басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарды зерделеу және дайындау үшін жұмыс тобын құрады. Оқу процесін ұйымдастыру бойынша ТЖКОБ ұйымдарына консультациялық көмек беруді жүзеге асырады; озық тәжірибені зерделеу, тарату. ТЖКОБ ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысады; оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу аудиовизуалды құралдарын жасау үшін авторлық ұжымдар қалыптастырады. ОӘБ туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды және оны РОӘК жұмыс органына жолдайды; жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылдайды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриат үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларына, оқу-әдістемелік құралдарына, білім беру бағдарламаларына, әртүрлі бағыттағы және әртүрлі деңгейдегі тест тапсырмаларына, арнайы оқу бағдарламаларына, өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне қатысты басқа да құжаттарға сараптама жүргізеді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша оқу бағдарламаларын, оқу әдебиеттерін, аударылған шетелдік оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, рецензиялауды жүзеге асырады; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриат үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқу-әдістемелік құралдарын, білім беру бағдарламаларын, әртүрлі бағыттағы және әртүрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын, арнайы оқу бағдарламаларын, өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне қатысты басқа да құжаттарды әзірлеу бойынша консультациялық қызмет көрсетеді. Ол үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру оқу орындарынан және жұмыс берушілерден кандидатуралар ұсынады.
Оқу әдістемелік бірлестік мүшелері:
1. Жүнісов Абайбек
Талғатұлы. ОӘБ төрағасы, директор. 870117246994
2. Дүрман Бақдәулет
Дербісәліұлы. ОӘБ төрағасының орынбасары. 87760240664
3. Жусипбекова Айжан Байдилдаевна. Арнайы пән оқытушысы. 87771616971
4. Қамбарбек Жұлдызай Қамбарбекқызы. Арнайы пән оқытушысы. 87778943880
5. Бердібек Алмасбек Әбдімұратұлы. Арнайы пән оқытушысы. 87475405615
РУС
ENG
ҚАЗ