Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

«Отбасым – менің мерейім» ұлттық құндылықтар студенттер көзімен тақырыбында 1 курс білім алушыларымен өткен тренинг.  Мақсаты:
 •Студенттердің отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын дамыту.
-Отбасы ұғымының маңыздылығын ұғындыру.
-Студенттер арасында ұлттық тәрбиені, отбасылық дәстүрлерді насихаттау.
-Эмоционалдық байланысты нығайту, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

Баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер.

Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады.Бүгінде буллинг әлем мекте п¬те¬рінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғниқорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия¬ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін.