Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Колледж кітапханасы – студенттер мен оқытушыларды оқу, ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ететін маңызды ақпараттық орталық. Кітапхана білім алушылардың кәсіби дамуына, өзіндік білім алуына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.

Кітапхана қоры оқулықтардан, ғылыми әдебиеттерден, көркем шығармалардан және электронды ресурстардан тұрады.

Кітапханада электронды каталог жүйесі жұмыс істейді.

Кітапхананың автоматтандырылған электрондық базасы «РАБИС» және https://college.snation.kz/kz/kzl/library  платформаларында жұмыс істейді, сондай-ақ интернет желісіне қосылған. Қазіргі уақытта барлық оқулықтардың pdf форматындағы электронды нұсқалары сайттан жүктелді okulyk.kz  оқытушылар мен студенттер арасында таратылады. Арнайы пәндер бойынша  оқулықтар сканерленіп, smart nation.kz сайтына орналастырылды.

Кітапхана оқытушылармен және студенттермен тығыз байланыс орнатады, әр түрлі тақырыптарға арналған іс-шараларды  ұдайы  ұйымдастырады. Сондай-ақ кітапхана оқытушыларды жаңа кітаптар туралы хабардар етеді, сабақ тақырыптарына сәйкес өзекті материалдарды іріктеп береді, оқулықтармен қамтамасыз етеді және кітап көрмелерін ұйымдастырады.

Кітапхана қорында:

  • Оқулықтар мен оқу құралдары
  • Көркем әдебиеттер
  • Әдістемелік нұсқаулықтар
  • Электронды кітаптар

Кітап қоры –116191 дананы құрайды.

 Оның ішінде:

  • Жалпы техникалық пән оқулықтары - 76195
  • Жалпы білімдік пән оқулықтары -26492
  • Оқу-әдістемелік оқулықтары – 1408
  • Көркем әдебиеттер –12096
  • Электрондық оқулықтар – 515
  • Мерзімді басылымдар – 26

Бұл материалдар студенттердің оқу процесін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Кітапхана құрылымы

  • Абонемент
  • Оқу залы – 40 орындық .

Бас оқу залының көркемдігі мен жайлылығы  шығармашылық жұмыспен айналысуға  қолайлы  жағдай туғызады, мұнда оқытушылар мен студенттер кітап қорын толық пайдалануға мүмкіндігі  бар. Оқу залында барлық сала бойынша басылымдар жинақталған. Оқу  әдебиеттері тек қана оқу залында пайдалануға болады.

  • Коворкинг-орталықтың - Білім алушылардың , тұрақты келіп тұратын ыңғайлы алаң,бұл жерде маңызды бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін қолжетімді жұмыс кеңістігі.
  • Мұнда (интернетке қосылған компьютер, диван, стол, теледидар, кітап сөрелері, пуфиктер қойылған. Қызықты кітап, газет-журналдармен таныса алады. Демалыс аймағы – білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған.

Кітапхана ережелері

  • Кітаптарды уақытында қайтару міндетті
  • Кітаптарды ұқыпты пайдалану қажет

Кітапхананың міндеттері:

- студенттерге, оқытушылар құрамына, қызметкерлерге олардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес толық және жедел кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;

- оқу процесін қажетті әдебиеттермен және ақпараттармен қамтамасыз ету;

Жаңалықтар

Кітапхана үнемі жаңартылып отырады:

  • Жаңа түскен кітаптар
  • Әдеби көрмелер
  • Танымдық іс-шаралар
  • Авторлармен кездесулер

Жұмыс уақыты

  • Дүйсенбі – Жұма: 08:30 – 18:00
  • Түскі үзіліс: 01:00 – 14:30
  • Демалыс күні: Сенбі,жексенбі

Әр айдың соңғы күні  – тазалық күні

Фото галерея

Бұл бөлімде кітапхана өмірінен фотосуреттер:

  • Кітап көрмелері
  • Іс-шаралар
  • Кітапхана ішкі көрінісі

 

 

Сеитова Гулжанат Токбановна

Жоғары білімді Кітапхана меңгерушісі

Ертаева Ләззат Бауыржанқызы

Жоғары білімді Кітапханашы