Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Оқу-әдістемелік бірлестіктердің жұмысы - техникалық және кәсіптік білім беру оқу орныдарының дамуына және болашақ мамандардың сапалы оқытылуына бағыталған
Оқу-әдістемелік бірлестіктің басты мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге,білім беру сапасын арттыруға және еңбек нарығына сай кәсіби мамандар даярлауға үлес қосу болып табылады. Бірлестік құрамында педагогикалық тәжірибесі мол,жоғары санатты оқытушылар (педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер), әдіскерлер, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер тарапынан шақырылған тәжірибелі сарапшы мамандар жұмыс істейді.Бұл құрам білім беру үдерісін жетілдіру бағытында бірлесе еңбек етіп,өзара тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді. ОӘБ жұмысшы тобының қызметі - оқу процесін жетілдіру,заманауи оқыту әдістерін енгізу жолдарын талқылау,кәсіби стандарттарға сәйкес білікті мамандар даярлау ісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен қатар,дуалды оқыту жүйесін дамыту, жаңа технологияларды - соның ішінде жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру мәселелері де басты назарда. Оқу-әдістемелік бірлестіктің отырыстарында білім беру бағдарламаларын жаңарту, оқытушаларды өңдірістік мекемелердің базаларында тағылымдамамлардан өткізу, оқу үдерісін цифрландыру, заманауи педагогикалық әдістерді енгізу сияқты өзекті тақырыптар кеңінен талқыланады. Әрбір пікір мен ұсыныс – колледждердің стратегиялық дамуына,білім беру мазмұнын жетілдіруге және еңбек нарығының сұранысына бейімделген білікті мамандар даярлауға бағытталған нақты қадам болып табылады, шешім қабылданады. ОӘБ сонымен бірге оқытушылар мен студенттердің кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтіп,тәжірибе мен инновация алмасуға жағдай жасайды. Оқу-әдістемелік бірлестіктің жүйелі жұмысы – еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласында сапалы өзгерістерге бастайтын маңызды бағыттардың бірі. Әрбір жаңашылдық пен тәжірибе – болашақ мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге, колледждердің беделін арттыруға және еліміздің дамуына қосқан елеулі үлес болып табылады.