Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

«Колледж – университет» 
 бірлескен білім бағдарламасы
Бүгінгі қоғамда білім беру жүйесі әртүрлі деңгейдегі білімді үйлестіру арқылы жастарды кәсіби әрі жеке дамытуды көздейді. Осы орайда, «Колледж – университет» бірлескен (синхрондалған) білім бағдарламасы – білім алушылардың орта кәсіби білімін жоғары кәсіби деңгеймен ұштастырып, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына бағытталған тиімді әрі перспективалы әдіс ретінде кеңінен танылуда. Бұл бағдарлама білім алушылардың уақытын, күшін әрі қаржысын үнемдеуге, білім сапасын арттыруға зор үлес қосады.Негізгі мақсаты: білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін жоғарылату, еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптастыру, олардың жоғары білім алып, кәсіби маман болуына жағдай жасау. Негізгі міндеттері: Колледж және университет бағдарламаларының мазмұнын сәйкестендіру және біріктіру арқылы оқу үдерісін оңтайландыру; Білім алушыларды кәсіби практикамен, өндірістік тәжірибемен қамту және кәсіби дағдыларын дамыту; Оқыту сапасын арттыру, педагогикалық ұжымдардың кәсіби біліктілігін көтеру; Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру; Білім алушылардың жеке дамуында инновациялық әдістемелерді пайдалану; Біліктілікті арттыру және кәсіби шеберлікті көтеру арқылы еңбек нарығында сұранысқа жауап беретін мамандар даярлау.
Бірлескен оқу жоспары мен бағдарламалары: Колледж және университет бағдарламаларының мазмұны мен оқыту әдістемелері келісілген, колледж білім алушылары өзі оқыған мамандығы бойынша ЖОО-н қысқа мерзімде оқып жоғары білім игереді. 
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «1» сәуірдегі № 134 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің мәндес білім беру бағдарламалары топтары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтарының сәйкестігі жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес білім беру бағдарламалары тобына түсе алады.
Бағдарламаның артықшылықтары мен тиімділігі уақыт пен қаржыны үнемдеу. Білім алушылар осы бірлескен білім бағдарламасы арқасында, оқу мерзімін қысқартып, қаржысын азайтады. Кәсіби даярлық деңгейінің жоғарылауына орасан зор үлес қосады. Тәжірибелік сабақтар мен өндірістік практика арқылы білім алушылар нақты жұмысқа дайын тұрады. Оқу процесі теориямен қатар тәжірибеге негізделген, бұл маманның кәсібилігін арттырады. Оқу бағдарламалары салыстырмалы түрде жаңартылып, өзара үйлестіріледі, педагогикалық ұжымдар кәсіби деңгейін көтереді. Білім алушылар жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға немесе магистратураға түсуді жоспарлай алады. Білім алушылар өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, өз саласында терең білім мен кәсіби шеберлікке ие болады.
«Колледж – университет» бірлескен (синхрондалған) білім бағдарламасы – білім беру саласында жаңашыл және тиімді әдіс. Бұл білім бағдарлама білім алушыларға кәсіби білім мен дағдыларды бір мезгілде меңгеруге, уақыт пен қаржыны тиімді пайдалана отырып, білім деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, жастардың болашағын жарқын етеді. Бұл білім бағдарламаның жүзеге асуы еліміздің білім беру жүйесінің дамуына, жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға және еліміздің экономикасының тұрақты әрі қарқынды дамуына зор үлес қосады.