Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар маңызды нормативтік өзгерістер қабылданды. Атап айтқанда, министрліктің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа бұйрығы негізінде білім беру жүйесінің құрылымдық және әдістемелік бағыттарын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Сол бұйрыққа сәйкес, «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында оқу-әдістемелік бірлестік (ОӘБ) құрылды. Бұл бірлестік техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқу процесін жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту және кадрлар даярлау сапасын арттыру мақсатында құрылған.
Құрылған оқу-әдістемелік бірлестік аясында келесі мамандықтарды қамтиды:
Ауыл шаруашылығын механикаландыру (3W07161601, 3W07161602, 3W07161603, 4S07161604,5AB0716090). Гидротехникалық мелиорация (3W07321401, 4S07321402). Оқу-әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ) негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (ТжКОБ) ұйымдарындағы білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту мен үйлестіру, оқу процесінің сапасын арттыру және білім беру мазмұнын жаңарту болып табылады. Сонымен қатар, бірлестік оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеу, сараптау, жетілдіру және жүйелеу жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, ОӘБ қызметі білім беру бағдарламаларының өзектілігін қамтамасыз етуге, заманауи еңбек нарығының сұранысына сәйкес құзыретті мамандар даярлауға, оқу жоспарларын жаңартуға, инновациялық педагогикалық технологияларды енгізуге бағытталған. Бірлестік құрамына республикалық жетекші колледждерінің тәжірибелі педагогтері, өндіріс өкілдері мен салалық мамандары сарапшылық қызмет жасау мақсатында тартылған.
Оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында: оқу бағдарламаларын жаңарту және олардың еңбек нарығына сәйкестігін талдау; әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу құралдарын дайындау және сараптау; педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинарлар мен конференциялар өткізу;дуальды оқыту жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; заманауи білім беру технологияларын және цифрлық құралдарды оқу үдерісіне енгізу бағыттарында жұмыстар жүргізеді.
Бұл оқу-әдістемелік бірлестік еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық деңгейдегі сапа стандарттарына сәйкестендіруге, студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге және ауыл шаруашылық, инженерлік-техникалық бағыттағы кадрларды сапалы даярлауға мүмкіндік береді.
РУС
ENG
ҚАЗ