Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+
Мамандығы: 07130200 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
Біліктілік: 4S07130202-Техник-электрик
Толығырақ

Оқу мерзімі: 
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;

Техник - электрик – кәсіпорындағы электр және электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсететін маман.

Техник - электриктің міндеттеріне келесілер жатады:

· электр және электромеханикалық жабдықтарына техникалық пайдалану және қызмет көрсету;

· тұрмыстық машиналар мен аспаптарға қызмет көрсету;

· электр және электромеханикалық жабдықты іске қосу, реттеу және сынау;

· электр жабдықтарының техникалық пайдалану ережелерін сақтау, стандарттау және сертификаттау сынақтарын жүргізу;

· өнімді метрологиялық тексеруден өткізу; ақаулар туралы акт және есеп құжаттамасын жасау;

· пайдалану объектісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Техник - электрик білу керек: электромеханикалық жабдықтарды баптауды, сынауды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, электр қондырғыларына сервистік қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру.

Техник - электрик істеу білу керек:

· электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау;

· электр және электромеханикалық жабдықтарды баптауды, реттеуді және сынауды жүзеге асыру;

· материалдарды, жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын таңдау үшін нормативтік және анықтамалық әдебиеттерді пайдалану.

Қолданылу аймағы

Электриктер электр және электромеханикалық жабдықтармен жабдықталған кез келген мекемеде жұмыс істей алады. Бұл бейіндегі мамандар құрылыс ұйымдарында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында сұранысқа ие.

Мамандығы: 07130100 – Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)
Біліктілігі: 4S07130103 Техник – электрик
Толығырақ


Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;

«Электр жабдықтары» мамандығы электр жабдықтарын жөндеу, қызмет көрсету және орнату саласында кең профильді мамандарды дайындайды.

Техник - электриктің міндеттеріне келесілер жатады:
• электр жабдықтарын техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
• электр құрылғыларын орнату, іске қосу, реттеу және сынау;
• электр жабдықтарының техникалық жағдайын бақылау;
• ақауларды анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
• техникалық құжаттамаларды жүргізу және есеп беру;
• жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Техник - электрик білуі керек: электр жабдықтарының құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, оларды баптау, сынау, пайдалану және жөндеу әдістерін, сондай-ақ электр қондырғыларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Техник - электрик істей білуі керек:
• электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындау;
• электр құрылғыларын баптау, реттеу және сынау;
• өлшеу құралдарын қолдану және техникалық көрсеткіштерді бақылау;
• қажетті материалдар мен құралдарды таңдау үшін нормативтік құжаттарды пайдалану.

Қолданылу аймағы: Электриктер өндірістік кәсіпорындарда, энергетика саласында, құрылыс ұйымдарында, қызмет көрсету мекемелерінде және электр жабдықтары қолданылатын барлық салаларда жұмыс істей алады. Бұл мамандарға қазіргі таңда сұраныс жоғары.

Мамандығы: 07130700 – Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)
Біліктілігі: 4S07130704 Техник – электромеханик
Толығырақ

Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;

Техник-электромеханигі-электромеханикалық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, реттеуді, пайдалануды, сынауды, сондай-ақ өндірістік учаскеде жұмыстардың орындалуын ұйымдастыруды және бақылауды орындайтын маман.

Техник -электромеханиктің міндеттеріне келесілер жатады:
• электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
• жабдықтарды орнату, іске қосу, реттеу және сынау;
• ақауларды анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
• жабдықтардың жұмысын бақылау және тиімділігін арттыру;
• техникалық құжаттамаларды жүргізу және есеп беру;
• жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Техник -электромеханик білуі керек: электр және механикалық жабдықтардың құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, оларды баптау, пайдалану, жөндеу әдістерін, сондай-ақ автоматтандыру және басқару жүйелерін.

Техник -электромеханик істей білуі керек:
• электр және электромеханикалық жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу;
• жабдықтарды баптау, реттеу және сынау;
• өлшеу және бақылау құралдарын қолдану;
• қажетті материалдар мен құралдарды таңдау үшін нормативтік құжаттарды пайдалану.

Қолданылу аймағы: Электромеханиктер өндірістік кәсіпорындарда, зауыттарда, көлік саласында, энергетикада және қызмет көрсету ұйымдарында жұмыс істей алады. Бұл мамандарға қазіргі таңда сұраныс жоғары.

Мамандығы: 07130300 – Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары
Біліктілігі: 4S07130303 Техник – жылу энергетигі
Толығырақ

Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;

Техник-жылу энергетигі-жылу электр станцияларының жылу энергетикалық жабдықтарын монтаждауды және пайдалануды орындайтын маман.

Техник –жылу энергетигінің міндеттеріне келесілер жатады:
• жылу энергетикалық қондырғыларды техникалық пайдалану және қызмет көрсету;
• жабдықтарды іске қосу, реттеу және сынау;
• қондырғылардың жұмыс режимін бақылау;
• ақауларды анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
• энергия өндіру процесінің тиімділігін арттыру;
• техникалық құжаттамаларды жүргізу және қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Техник –жылу энергетигі білуі керек: жылу энергетикалық жабдықтардың құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, оларды пайдалану, баптау және жөндеу әдістерін, сондай-ақ автоматтандыру және басқару жүйелері.

Техник –жылу энергетигі істей білуі керек:
• жылу энергетикалық қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету;
• жабдықтарды баптау, реттеу және сынау;
• технологиялық көрсеткіштерді бақылау және талдау;
• нормативтік құжаттарды пайдалану және техникалық есеп жүргізу.

Қолданылу аймағы:
Техник –жылу энергетиктері жылу электр станцияларында, энергетикалық кешендерде, өндірістік кәсіпорындарда және коммуналдық шаруашылық ұйымдарында жұмыс істей алады. Бұл мамандарға қазіргі таңда сұраныс жоғары.

Мамандық: 07320700 – “ Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану”
Біліктілік: 4S07320703- Техник – құрылысшы
Толығырақ

Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;

Аталған мамандық - жол және аэродром құрылыстарын салу, жөндеу және пайдалану, жобалық- сметалық құжаттамамен жұмыс жасау және заманауи технологияларды қолдану арқылы сапалы инфрақұрылымды қамтамасыз ете алады.

Маманның міндеттері мен дағдылары:

Ø Жобалау және құрылыс: Жол құрылыс материалдарының сапасын бақылау, инженерлік желілерді тарту.

Ø Техникалық пайдалану: Жолдар мен аэродромдардың жағдайын тексеру, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау.

Ø Құжаттама: Жұмыс өндірісінің жобаларын (ППР), сметалық құжаттарды әзірлеу және техникалық есептілік жүргізу.

«Техник-құрылысшы» маманы

-Жол құрылыс компаниялары мен басқармаларында;

-Аэродромдар мен әуежайлардың инфрақұрылымын пайдалану қызметтерінде;

- Жобалау институттары мен инженерлік-техникалық орталықталықтарды қызмет жасай алады.

Оқу барысында білім алушылар:

-Автомобиль жолдары мен аэродромдарды орналастыру, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстар;

-Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;

- Автомобиль жолдары мен аэродромдарды жобалау;

- Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысының технологиясы;

- Автомобиль жолдары мен аэродромдарды пайдалану бағытын меңгереді.

Маман трассаны ұтымды жобалайды және төсей алады; құрылыс материалдарының кен орындарын игеруді ұйымдастыра алады; асфальт, цемент-бетон және басқа да құрылыс қоспаларын дайындай алады; жол өтпесі мен көпір сала алады; механикаландырылған жасақтардың жұмысын ұтымды жасақтап, сауатты ұйымдастыра алады; қабылданған шешімдердің экономикалық тиімділігін бағалай алады.

Мамандық:07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»
Біліктілігі:4S0732106 техник-құрылысшы
Толығырақ

Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;

Бұл мамандық - әртүрлі үйлер мен ғимараттарды салумен және монтаждаумен, салынып жатқан объектілерді пайдалануға беруге байланысты жабдықтарды орнатумен айналысатын материалдық өндіріс саласы.

Құрылыс кәсіптері барлық уақытта өзекті болады: қалалар өсуде, халық саны ұлғаюда. Құрылыс жұмыстары тұрғын үй-жайлармен ғана емес, сондай-ақ мектептер, медициналық мекемелер, сауда орталықтары, жолдар инфрақұрылымымен де байланысты.

Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы: ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану, жөндеу және қайта жаңарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы – құрылыс саласында ғимараттарды жобалау, салу, жөндеу және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыратын мамандарды даярлауға бағытталған. Бұл мамандық бойынша білім алған техник-құрылысшы құрылыс нысандарында инженерлік-техникалық жұмыстарды орындауға және бақылауға қатысады.

Техник-құрылысшының негізгі міндеті – құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау, құрылыс материалдарын дұрыс қолдану, сызбалар мен жобаларды оқу және олар бойынша құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар ол құрылыс алаңындағы еңбек қауіпсіздігін сақтауды қадағалап, құрылыс процестерінің технологиялық талаптарға сай орындалуын қамтамасыз етеді.

Бұл мамандық иелері тұрғын үйлерді, өндірістік ғимараттарды, жолдар мен әртүрлі инженерлік құрылыстарды салу және пайдалану саласында жұмыс істейді. Олар құрылыс жұмыстарын жоспарлауға, сметалық құжаттарды дайындауға, геодезиялық өлшеулер жүргізуге және құрылыс нысандарының техникалық жағдайын бақылауға қатысады.

Негізгі кәсіби қызметтері: құрылыс сызбаларын оқу және қолдану;

құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;

құрылыс материалдарының сапасын тексеру;

геодезиялық өлшеулер жүргізуге қатысу;

ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

құрылыс нысандарының техникалық жағдайын бақылау.

Білуі тиіс: құрылыс материалдары мен конструкцияларының қасиеттерін;

құрылыс сызбалары мен жобаларын оқуды;

құрылыс технологиясын және монтаж жұмыстарын;

геодезия негіздерін;

құрылыс машиналары мен механизмдерін;

еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерін.

Жұмыс істейтін орындары құрылыс компаниялары;

жобалау және жобалау-іздестіру ұйымдары;

құрылыс-монтаж мекемелері;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдары;

өндірістік және азаматтық құрылыс нысандары.

Мамандық: 07220100 - Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
Біліктілігі: 4S07220105 - Техник-технолог
Толығырақ

Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;

Жаңа қалалар, тұрғын үйлер, өндірістік ғимараттар, инфрақұрылым нысандары үздіксіз салынып жатыр. Осы үдерістің негізінде — сапалы құрылыс материалдары мен сенімді конструкциялар тұр.
«Құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын өндіру» мамандығы — дәл осы саланың жүрегі. Бұл мамандықты таңдаған студенттер құрылысқа қажетті бетон, темірбетон, қабырға панельдері, кірпіш және басқа да өнімдерді өндіру технологиясын толық меңгереді.

Оқу барысында студенттер:
– заманауи өндірістік технологияларды үйренеді;
– бетон және темірбетон бұйымдарын дайындауды игереді;
– сапаны бақылау мен зертханалық сынақ жүргізуді меңгереді;
– өндірістік процестерді ұйымдастыру және басқаруды үйренеді;
– нақты зауыттарда тәжірибеден өтіп, кәсіби дағдылар қалыптастырады.

Бұл мамандықтың басты артықшылығы — нақты өндіріс пен тұрақты жұмысқа тікелей жол ашуы. Бітірушілер құрылыс зауыттарында, өндірістік кәсіпорындарда, зертханаларда, құрылыс компанияларында сұранысқа ие маман ретінде жұмыс істей алады.

Мамандық: 07150500 – «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)»
Біліктілік: 4S07150502 – «Техник-механик»
Толығырақ

Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;

Дәнекерлеу ісі – металл бұйымдарын біріктіру, жөндеу және қайта қалпына келтірумен айналысатын маңызды техникалық сала. Бұл мамандық өндіріс, құрылыс, мұнай-газ, машина жасау және көлік салаларында кеңінен қолданылады. Дәнекерлеу арқылы әртүрлі металл конструкциялар, ғимараттар, құбырлар мен техникалық жабдықтар жасалады.

Техник-механик – дәнекерлеу жұмыстарын орындаумен қатар, технологиялық процестерді бақылап, сапасын тексеретін және өндірістік процестерді ұйымдастыруға қатысатын маман.

Кәсіби қызметі

Бұл мамандық иелері:

- дәнекерлеу жұмыстарын әртүрлі әдістермен орындайды (қолмен доғалық, газбен, аргонды және т.б.);

- металл бөлшектерді дайындау, кесу, құрастыру жұмыстарын жүргізеді;

- дәнекерлеу жабдықтарын баптайды және пайдаланады;

- сызбалар мен техникалық құжаттарды оқиды;

- дәнекерленген қосылыстардың сапасын тексереді және ақауларды анықтайды;

- өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Кәсіби дағдылары

Білім алушылар оқу барысында:

- әртүрлі дәнекерлеу технологияларын меңгереді;

- металл қасиеттері мен материалтану негіздерін үйренеді;

- техникалық сызбаларды оқу және түсіну қабілетін дамытады;

- сапаны бақылау және ақауларды анықтау әдістерін игереді;

- заманауи дәнекерлеу жабдықтарымен жұмыс істеуді үйренеді.

Еңбек нарығындағы маңызы

Дәнекерлеу ісі мамандары еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Себебі кез келген өндірісте, құрылыста және инфрақұрылым саласында сапалы дәнекерлеу жұмыстары қажет. Бұл мамандық тұрақты жұмысқа, кәсіби өсуге және жоғары табысқа мүмкіндік береді.

Мансап мүмкіндіктері

Түлектер келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:

- дәнекерлеуші;

- техник-механик;

- өндірістік шебері;

- сапа бақылау маманы;

- дәнекерлеу технологиясы бойынша инженерлік қызметтер.

Мамандық: 07130400 – “Жылу техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері” (түрлері бойынша)
Біліктілік: 4S07130403 – “Техник – жылу технигі”
Толығырақ

Оқу мерзімі:
9 класс негізінде: 3 жыл 10 ай;
11 класс негізінде: 2 жыл 10 ай;

Бұл – ғимараттарды, өндіріс орындарын және қалаларды жылумен қамтамасыз ететін барлық жүйелерді жобалау, орнату, пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге бағытталған инженерлік-техникалық мамандық.

Оқу барысында студенттер жылу техникасының негіздерін, термодинамика заңдарын, қазандық қондырғыларының жұмыс істеу принциптерін, жылу желілерін және жылыту жүйелерін меңгереді. Сонымен қатар инженерлік сызбалармен жұмыс істеуді және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренеді.

Техник-жылу технигінің негізгі міндеттері – жылу жүйелерін монтаждау, олардың жұмысын бақылау, ақауларды анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу. Ол жылу энергиясының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Бұл мамандық иелері қазандықтарда, жылу орталықтарында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемелерінде және өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істей алады. Қазіргі таңда бұл сала мамандарына сұраныс жоғары.

Техник-жылу технигі – жауапты әрі маңызды мамандық. Бұл сала қоғамның тұрақты дамуына үлкен үлес қосады.

Техник-жылу технигі жылуды өндіру → тасымалдау → бөлу → тиімді пайдалану тізбегін толық қамтамасыз етеді.