Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жеңіс рухы – оқылған кітапта» атты тарихи-әдеби сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық ерлігін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру және соғыс тақырыбындағы әдеби шығармаларға қызығушылықты арттыру.Шара барысында соғыс тарихына тоқталып, сол бір ауыр кезеңнің адамзат тағдырындағы орны туралы мазмұнды кіріспе жасалды. Қатысушылар назарына Ұлы Отан соғысы туралы бейнеролик ұсынылып, тарихи көріністер арқылы өткенге шолу жасалды.
Іс-шара аясында оқырмандар соғыс тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар, экран арқылы соғыс жылдарынан сыр шертетін слайдтар көрсетіліп, батырлардың ерлігі мен елдің қайсарлығы кеңінен насихатталды.Кештің негізгі бөлігінде «Жеңіс рухы» кітабы бойынша қатысушылар Ұлы отан соғысы туралы оқыған кітаптарымен бөлісіп, жауынгерлердің ерлігі, адамгершілік қасиеттері мен Отанға деген сүйіспеншілігі туралы ойларын ортаға салды. Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Жеңіс рухы- ұрпаққа аманат» кітап көрмесі кеңінен таныстырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы, батырлар ерлігі, тарихи естеліктер туралы әдебиеттер қойылып оқырмандарға таныстырылып соғыс тақырыбындағы шығармалардың жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.