«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің жатақханасында студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.Колледж директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы жасөспірімдер арасында жиі кездесетін топтық төбелестердің алдын алу, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, тәртіп сақтау және жеке жауапкершілік мәселелеріне тоқталып, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың көшеде жүруіне қойылатын талаптар түсіндірілді.Іс-шараға Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қатысып, студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндіріп, заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар жастар арасында жиі кездесетін буллинг, кибербуллинг, интернет қауіпсіздігі, лудомания, нашақорлық және зорлық-зомбылық мәселелері кеңінен талқыланды.Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
РУС
ENG
ҚАЗ