Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Ағымдағы жылдың 28-ші қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет), Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің базасында, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Ветеринария» бейіні бойынша облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Мақсаты: Конкурстың мақсаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы кәсіби құзыреттілігі жоғары, шебер, дарынды және шығармашыл педагогтерді анықтау, қолдау және ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық педагогикалық тәжірибені кеңінен тарату болып табылады. Конкурсқа сарапшылық жасауға Қызылорда облыстық ветеринария басқармасының бас маманы Жұмағұлов Жалғасбек Жақсыбайұлы, Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы директордың орынбасары Әбдімәліков Қайрат, Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы Есжанова Динара Бақытбекқызы сарапшылық жасап қатысты. Конкурс теориялық және тәжірибелік бөлімдер бойынша өткізілді. Модуль 1. Мамандық бойынша тестілеу. Модуль 2. Жануарлар денсаулығына байланысты туындайтын мәселелерді анықтау, талдау және оларды шешуге бағытталған кейс тапсырмаларды орындау. Модуль 3. Микроорганизмдерді анықтау (микроскопия); Модуль 4. Жануарларға хирургиялық тігістер салу (теріге); Модуль 5. Ауылшаруашлық жануарларына ветеринарлық мониторды қолдану техникасын көрсету. Сарапшыларшылардың қортындысы бойынша: I Дәрежелі Дипломмен Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Алиасар Бердібек Рашидұлы; II Дәрежелі Дипломмен Қармақшы аграрлық-техникалық колледжіның арнайы пән оқытушысы Тұрымбетов Ердана Жарқынбекұлы; III Дәрежелі Дипломмен Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Баймағанбетова Жанар Құдиярханқызы; III Дәрежелі Дипломмен Қазалы аграрлы-техникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Узакбаева Роза Сандибековна марапатталды. Облыстық кезеңде І орын алған Алиасар Бердібек Рашидұлы конкурстың республикалық кезеңінде бақ сынайды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс жаңа кәсіби белестерге жол ашсын. Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз