Үстіміздегі жылдың 28 - сәуір күні Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде ТжКБ орындарының білім алушылары арасында қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, география пәндерінен облыстық олимпиада өтті.Олимпиада «Қоғамдық пәндер» ПЦК- сы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтымен бірлесе отырып, ұйымдастырылды.
Байқау мақсаты:
-Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылар арасында Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және география пәнінен білімдерін анықтау;
-Білім алушылардың білімін, дарынын, зияткерлік дамуын қолдау арқылы кәсіби бағдарлануына жағдай жасау;
-Білім алушылардың интеллектуалдық белсенділігі мен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту.
Бұл олипиадаға М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «Болашақ» университетінің жоғары колледжі, Қазалы аграрлық-техникалық колледжі, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, Болашақ жоғары медициналық жоғары колледжі, Шиелі индустриалды – аграрлық колледжі, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі, М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі, М.Ықсанов атындағы техникалық ІТ- жоғары колледжі, «Өркениет» медициналық колледжі, С.А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі, Абылай хан атындағы жоғары колледжі, Қармақшы аграрлы техникалық колледжі, барлығы 17 оқу орны қатысты. Олимпиада жоғары дәрежеде өтті.Олимпиадаға қатысушы білім алушылардың еңбектерін бағалаған сарапшылар: "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы - Құлымбетова Жанар, Облыстық оқу әдістемелік орталығының әдіскері -Бексейтова Жанат Мнажовна, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Ерғалиева Аида Өткелбайқызы .
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды.
І – кезең тест сұрақтары.
II кезеңі — Эссе жазу тапсырмалары. Олимпиаданың қорытындысы бойынша білм алушылар І,ІІ.ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Олимпиаданы өткізген жауапты оқытушылар: Ибраева С.С, Биғалиева А.М, Асқарова Ұ.М, Қилыбаева Ж.Т.
РУС
ENG
ҚАЗ