Колледжішілік «ТОП–100 студент» жобасының іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша өзінің терең білімімен, белсенділігімен және еңбекқорлығымен ерекшеленген «Гидротехникалық мелиорация» мамандығының 4-курс студенті Ришатұлы Қуаныш іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, келесі кезеңге жолдама алды.Өз алдына биік мақсат қоя білетін, білім мен тәжірибені қатар дамытып жүрген студентіміз өзінің кәсіби дағдылары мен жан-жақтылығын жоғары деңгейде дәлелдей білді. Жауапкершілігі мен ізденімпаздығының арқасында, бүгінде ол оқу орнымыздың мақтанышына айналып отыр. Бұл маңызды жетістік- студенттің жарқын болашаққа деген ұмтылысы мен табандылығының айқын көрінісі.Колледж ұжымы Ришатұлы Қуанышты осынау үлкен жетістігімен құттықтай отырып, байқаудың келесі кезеңдерінде сәттілік тілейді. Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Топ–100 студент: терең білім, жоғары жауапкершілік, сәтті қадам.
- Қаралды: 30
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ