5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тіл тағылымы – кітаппен бірге» атты кітапханашы сағаты өткізілді.Іс-шараның мақсаты :Білім алушыларға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін кітап арқылы таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Шара 4 кезеңнен тұрды:
1. «Тіл –ұлттың сүйенер діңгегі»-Ахмет байтұрсынұлының тіл саласындағы еңбегі мен Тілдер күнінің маңызы айтылып, «Тіл –ұлттың рухани қазынасы»атты кітап көрмесі таныстырылды.
2. «Сөз мерген» кезеңінде қазақ классикалық шығармалардағы сирек кездесетін көркем сөздер қатарлары таныстырылып, олардың мағыналық ерекшеліктері ашылды.
3. «Классика –тілдің көркем айнасы» бөлімінде халық даналығы мен әдеби шығармалардағы қанатты сөздердің мәні ашылып, олардың кітаппен байланысы веб-парақша арқылы виртуалды таныстыру ұйымдастырылды.
4. «Кітаппен сырласу» тәжірибелік оқырмандар бұрышында білім алушылар өздері оқыған шығармалардан ана тілінің көркемдігін танытатын үзінділерді мәнерлеп оқып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар қатысушылар арасында сұрақ-жауап, танымдық ойындар ұйымдастырылып, білім алушылар өздерінің тіл байлығы мен әдеби білімдерін сынады. Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілінің байлығы тек сөздік қорда ғана емес, әрбір көркем шығарма мен кітап бетінде сақталған рухани мұрада жатқанын таныды.
Тіл – ұлттың рухани қазынасы,кітап – сол қазынаны ұрпаққа жеткізер алтын көпір.
РУС
ENG
ҚАЗ
