Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

«Бір ел – бір кітап 2026» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына орай қаламгердің «Тағдыр» романы жалпыұлттық оқуға таңдалды. Қазақстанда жыл сайын өткізілетін «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы–ұлттық әдебиетімізді насихаттауға бағытталған маңызды мәдени жоба. Осыған орай Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр – ұлт тарихының көркем шежіресі»атты жазушының «Тағдыр» романы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Шарағы 1 курс білім алушылары қатысты.Іс-шараның мақсаты: Студенттерге жазушы шығармашылығын таныстыру, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру және «Тағдыр» романының мазмұнын кеңінен насихаттау болды.Конференция барысында оқырмандар роман мазмұнын тарауларға бөліп талдап, шығарманың тарихи және тәрбиелік мәніне кеңінен тоқталды.Олар шығармадағы тарихи оқиғалар, Демежан бейнесі, халық тағдыры туралы өз ойларын айтып, шығарманы жан-жақты талдады. Оқушылар белсенді қатысып, роман мазмұнын әсерлі жеткізе білді.Іс-шара аясында «Жыл таңдауын бірге оқиық!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары, «Тағдыр» романының басылымдары және жазушы туралы мәліметтер қойылды. Қатысушыларға кітап көрмесіне арнайы шолу жасалып, таныстырылды.Сонымен қатар конференция кезінде «Тағдыр» романы негізінде дайындалған видеослайд көрсетілді. Видеода романның негізгі оқиғалары, тарихи кезеңдер мен кейіпкерлер бейнеленді.