Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде су ресурстарын тиімді пайдалану, суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Суды үнемде - болашақты сақта!» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның ашылу сөзін директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Дүрман Бақдәулет Дербісәліұлы сөйлеп, су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.Кездесуге Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының Су ресурстарының мониторингі, мемлекеттік есепке алу және кадастр бөлімінің басшысы Әлібекова Айгүл Киікбайқызы және Су пайдалануды басқару және реттеу бөлімінің бас маманы Маденова Фариза Болатқызы арнайы шақырылып, білім алушылармен мазмұнды кездесу өткізді.Кездесу барысында мамандар су ресурстарының қазіргі жағдайы, су қорларын қорғау және тиімді пайдалану, су пайдалануды басқару мен реттеу, сондай-ақ суды үнемдеудің маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.Білім алушыларға судың табиғи ресурс ретіндегі маңызы түсіндіріліп, оны ұқыпты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.Іс-шара барысында білім алушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану мәселелері бойынша еркін пікір алмасты.Танымдық кездесу жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға және су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара болды.Суды үнемдеу - табиғатты қорғау ғана емес, болашаққа деген жауапкершілік!