Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Колледжімізде ерекше әрі жүрекке жылы шара өтті. «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша  ұзақ жылдар табанды еңбек еткен, техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына зор үлес қосқан  ұлағатты  ұстаз,  ардақты азамат  Павел Анатольевич Ломановтың құрметіне арналған "Еңбекке толы жылдар – елге үлгі" атты әсерлі кеш жоғары деңгейде өтті. Шара барысында ұстазымыздың еңбегіне оң баға берілген  Қызылорда облысының Білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлының алғыс хаты табысталды. Сондай –ақ колледж ұжымы атынан директор Жүнісов Абайбек Талғатұлы мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Женсикбаева Шара Қалиқызы арнайы құттықтау адресатын ұсынып, ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, осы ұжымда ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде зейнет демалысында жүрген ардагер ұстаздар, соның ішінде  Мұстафа Кәрімұлы және Данышбай Сағымбайұлы ағаларымыз бастаған қадірлі қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.Ән мен жылы естеліктерге толы бұл кеш әрқайсымызға ерекше әсер сыйлады. Ағайымыздың еңбек жолы – тек кәсіби шеберліктің ғана емес, адамгершілік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, ел дамуына өз үлесін қосқан ұстазымызға алғысымыз шексіз!