Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде білім мен тәрбие жолына саналы ғұмырын арнап, 40 жылдан астам уақыт бойы жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріп, техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына зор үлес қосқан ұлағатты ұстаз, ардақты азамат Бауыржан Бақытжанұлының құрметіне арналған «Еңбек жолы – өнеге, зейнет – жаңа белес!» атты тағылымы мол, әсерлі кеш жоғары деңгейде өтті.Салтанатты іс-шараны колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Жүнісов Абайбек Талғатұлы ашып, жүргізіп отырды.Кеш барысында Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Абуова Рахия Әбіләшқызы ұстаздың өнегелі өмір жолын таныстырып, оның шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі мен адамгершілік болмысын кеңінен баяндап өтті.Салтанатты жиында Қызылорда облысы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Есенбаев Бекжан Шакизатұлы ұстаз еңбегіне жоғары баға беріп, Алғыс хат пен шапан табыстады. Сондай-ақ Қызылорда облысының қоғамдық кеңесінің хатшысы Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Қоғамдық кеңестің Алғыс хатын тапсырды.Колледж ұжымы атынан директор Жүнісов Абайбек Талғатұлы мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Женсикбаева Шара Қалиқызы арнайы құттықтау адресатын ұсынып, ізгі тілектерін жеткізді.Сонымен қатар, осы ұжымда ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде зейнет демалысында жүрген ардагер ұстаздар, соның ішінде Бекманов Қажданбек ағамыз бастаған қадірлі қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.Колледж әкімшілігі мен әріптестері атынан Дүрман Бағдәулет Дербісәліұлы, Аймбетова Эльмира Сейткәрімқызы, бөлімше меңгерушісі Бағдат Бүркітбайұлы және оқытушылар қауымы да ізгі тілектерін арнап, ұстаз еңбегінің маңыздылығына тоқталды.Кеш соңында «Еңбек жолы – өнеге, зейнет – жаңа белес!» тақырыбындағы тағылымды шара қорытындыланып, барша қауымның құрметіне бөленген кеш кейіпкері – Бауыржан Бақытжанұлы сөз алып, өз ризашылығын білдірді.