Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің «Кен орындарын игеру және сандық технологиялар» бөлімшесінде 1-курс студенттерінің ата-аналарымен маңызды кездесу өтті. Тағылымы мол жиналыс отбасы құндылығы мен жастар тәрбиесіне арналды.Жиналысты ашқан бөлімше меңгерушісі Нұр МАШАРАПҰЛЫ бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігінің маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Ол өз сөзінде: «Баланың бойындағы тәртіп пен жауапкершілік ең алдымен алтын ұя – отбасынан бастау алады. Біздің ортақ мақсатымыз – сапалы білім беру ғана емес, саналы, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу» – деп, отбасы мен колледж арасындағы тығыз байланыстың рөлін атап көрстті.Жиналыс барысында талқыланған негізгі мәселелер:Оқу жылының қорытындысы және емтихан: 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты студенттердің жазғы сынақ емтихандарын уақытылы және сәтті тапсыруы, сабаққа қатысу деңгейі мен дайындық жұмыстарын бақылауда ұстау қажеттілігі; «Таза Қазақстан» акциясы және еңбек тәрбиесі: Ел көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер мен аула тазалығының маңыздылығы сөз болды. Студенттерді еңбекке баулу, қоршаған ортаны аялау – тәрбиенің басты негізі екені айтылды;Бос уақытты тиімді пайдалану: Жазғы демалыс кезінде жастардың уақытын бос өткізбей, түрлі спорттық секцияларға қатысуы және мамандыққа деген қызығушылығын арттыратын кәсіби байқауларға тартылуының маңызы түсіндірілді;Құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік: Колледж аумағына жауапты тәртіп сақшысы сөз алып, жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу ережелері мен жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүрмеуін қадағалау бойынша ата-аналарға ескертулер мен ұсыныстар берді. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға бөлімше меңгерушісі мен тәртіп сақшысы тарапынан тұшымды жауаптар беріліп, еркін пікір алмасу орнады. Бала болашағына бейжай қарамай, жиналысқа белсене қатысқан барша ата-аналарға алғыс білдіреміз! Тәрбие – отбасынан басталады, біліммен ұштасады!