Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

2026 жылдың 22 мамыр күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі және оның базасында орналасқан «Гидротехникалық мелиорация»,«Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандықтары мамандықтары бойынша Республикалық оқу әдістемелік бірлестігі Оқу ағарту министрлігіне қарасты «TALAP» комерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесе «Үздік гидротехник - 2026» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты: Республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту, «Гидротехникалық мелиорация» мамандығы бойынша білім беретін арнайы пән оқытушыларының мәртебесін арттыру, талантты арнайы пән оқытушыларын, өндірістік оқыту шеберлерін анықтау және қолдау болып табылады.Конкурстың ашылу рәсімінде Қызылорда облысының білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Есенбаев Бекжан Шакизатұлы, «Талап» КЕАҚ бас тренері Сарин Байкен Асылбекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға колледж әлеуметтік серіктес мекемелерінен келген сарапшылар: "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалының 1-санаттағы инженері Курумбекова Жумагуль Аманбековна (бас сарапшы), "Сабыр Арыстанбаев атындағы Қызылорда су торабы" өндірістік учаскесі Су пайдалану бөлімінің басшысы Тажиков Жомарт Жеткергенович, "Қызылордасушар" өндірістік учаскесінің су пайдалану бөлімінің басшысы Танирбергенов Жомарт Муратович және қатысушылардың сарапшы-компатриоттары сарапшылық жасады.Конкурсқа бес өңірден қатысты,Олар: Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжі» арнайы пән оқытушысы Орынбай А.Е., Жетісу облысы білім басқармасының «Көксу политехникалық колледжі» арнайы пән оқытушысы Сүлеймен Г.Ж., Түркістан облысының білім басқармасының «Мақтаарал аграрлық колледжі» арнайы пән оқытушысы Джунисов А.А., Шымкент қаласы білім басқармасының «Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» арнайы пән оқытушысы Сұлтанбек А.Т., Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» арнайы пән оқытушысы Бердібек А.Ә. қатысты. Кәсіби шеберлік байқауы 3 модуль бойынша жүргізілді. Конкурс нәтижесінде жүлделі 1-орынды Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Бердібек Алмасбек Әбдімұратұлы, 2-орынды Астана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінің арнайы пән оқытушысы Орынбай Айяулым Еркінбекқызы, 3-орынды Мақтаарал аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Джунисов Асхат Алдашбекович иеленді. Сонымен қатар, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Сұлтанбек Аяулым Таныбекқызы «Су ресурстарын тиімді басқару шебері» номинациясымен, Көксу политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Сүлеймен Гүлшат Жұмәділқызы «Үздік жобалаушы» номинациясымен марапатталды.
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!