Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген гидротехнигі, су шаруашылығы саласының көрнекті өкілі Сабыр Шаймерденұлы Арыстанбаевтың есімі берілген "Гидротехникалық құрылымдар оқу зертханасының" салтанатты ашылуы болып өтті.Салтанатты шараға облысқа белгілі зиялы қауым өкілдері, су шаруашылығы саласының ардагерлері мен мамандары, шәкірттері, колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.Жаңа зертхана — болашақ мамандардың заманауи технологияларды меңгеріп, кәсіби білімдерін шыңдауына бағытталған маңызды білім алаңы. Бұл игі бастама техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға үлкен мүмкіндік береді.Шара барысында Сабыр Шаймерденұлының ел игілігі жолындағы ерен еңбегі мен өнегелі өмір жолы кеңінен насихатталды.Кабинеттің жабдықталуына және күрделі жөндеу жұмыстарына демеушілік көрсеткен Арыстанбаев Болат Сабырұлына колледж ұжымы ерекше алғысын білдіреді.Ұлтқа қызмет еткен тұлға есімі — ұрпақ жадында мәңгі сақталады.