ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН»: БІЛІМ МЕН ӨНДІРІС САБАҚТАСТЫҒЫ
- Қаралды: 41
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда.Акцияның маңызды бағыттарының бірі – өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген білім алушылардың нақты жұмыс орнындағы кәсіби дағдыларын зерделеу және колледжде алған білімінің өндіріс талаптарына сәйкестігін анықтау.Бүгінде колледж білім алушылары әлеуметтік серіктес кәсіпорындар мен мекемелерде өндірістік тәжірибеден өтіп, мамандықтары бойынша нақты жұмыс үдерісіне қатысуда. Тәжірибе барысында олар заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, өндірістік операцияларды орындауды, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және кәсіби ортада жұмыс жасауды меңгеруде.Акция аясында білім алушылардың тәжірибесіне талдау жасалып, олардың пікірлері мен ұсыныстары да назарға алынуда. Атап айтқанда, колледжде алған білімнің өндірісте қаншалықты қажет екендігі, қандай кәсіби дағдыларды күшейту керектігі, қандай технологиялар мен өндірістік операцияларды қосымша меңгеру қажеттілігі анықталуда.Жинақталған ақпарат алдағы уақытта білім беру бағдарламаларын өндірістің нақты талаптарына сәйкестендіруге, практикалық даярлықтың сапасын арттыруға және жұмыс берушілермен байланысты одан әрі нығайтуға негіз болады.Өндіріс талабы → сапалы тәжірибе → кәсіби дағды → жұмысқа дайын маман!
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ