Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

2026 жылдың 29 мамырында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының тапсырысымен Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің базасында фермерлерді қолдау және тәжірибе алмасу мақсатында “Жерасты және жерүсті су ресурстарын кешенді пайдалану арқылы фермерлік тиімділікті арттыру” тақырыбында маңызды семинар өткізілді. Семинарға барлығы Қызылорда облысы аумағынан 30 фермер және жеке кәсіпкерлер қатысты. Семинар барысында техника ғылымдарының кандидаты, профессор Жүнісов Абайбек Талғатұлы су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығындағы заманауи әдістер мен фермерлік шаруашылықтың өнімділігін арттыру бағытында мазмұнды дәріс оқыды. Семинардың тәжірибелік бөлімі әлеуметтік серіктес — “Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” базасында ұйымдастырылып, қатысушыларға ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологияларды шаруашылықта қолдану тәжірибесі жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар қазіргі ауыл шаруашылығы саласында кездесетін негізгі қиындықтар, жаңа технологиялардың тиімділігі мен экономикалық пайдасы, нақты практикалық мысалдар арқылы түсіндірілді. Іс-шара барысында суды тиімді пайдалану тәсілдері мен цифрландыру жүйелері, IoT технологиясына негізделген “Ақылды ұңғымалардың” жұмыс істеу қағидалары көрсетіліп, олардың ауыл шаруашылығындағы маңыздылығы кеңінен талқыланды.Семинар сала мамандары мен фермерлер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, заманауи агротехнологияларды насихаттауға бағытталған маңызды алаң болды.