Бүгін Қызылорда облысының білім басқармасы басшылығымен Қытай Халық Республикасының Чунцин су ресурстары және электр энергетикасы кәсіптік-техникалық колледжі делегациясы маңызды кездесу өткізді.Кездесуге облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы бастаған тараптар қатысып, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзара байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.Кездесу барысында сөз алған басқарма басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіби білім беру бағытындағы әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, өңір экономикасына қажетті білікті мамандарды даярлау ісінде халықаралық тәжірибені тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.Сонымен қатар, тараптар алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, оқытушылардың тәжірибе алмасуы мен біліктілігін арттыру, студенттердің кәсіби тағылымдамалары, бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқу-әдістемелік ресурстарды дайындау және заманауи өндірістік технологияларды білім беру үдерісіне енгізу мәселелері талқыланды.Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – Қызылорда облысының білім басқармасы, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі, Чунцин су ресурстары және электр энергетикасы кәсіптік-техникалық колледжі және «Чунцин баспасы» ЖШС арасында төртжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы.Аталған құжат тараптар арасындағы байланысты нақты жобалармен толықтыруға және кәсіптік білім беру саласындағы бірлескен жұмыстарды жаңа деңгейге шығаруға негіз болады.Біздің колледж үшін бұл – халықаралық серіктестік аясын кеңейтіп, білім алушылар мен педагогтерге жаңа тәжірибе мен кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынатын маңызды қадам.Алдағы кезеңде екі елдің білім беру ұйымдары арасында өзара тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және еңбек нарығына сұранысқа ие білікті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру көзделуде.
Қытаймен кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық күшеюде
- Қаралды: 38
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ