КІТАПХАНА – БІЛІМ МЕКЕНІ
- Қаралды: 35
Колледж кітапханасында 1-курс білім алушыларына арналған «Ашық есік күні» өткізілді.Іс-шараның мақсаты: Білім алушыларды кітапхананың құрылымы мен қызметімен таныстыру, кітапхана ресурстарын тиімді пайдалануға үйрету және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Ашық есік күніне «Политехникалық, Энергетика және Ауылшаруашылық мамандықтары» бөлімдерінің 1 курс білім алушылары және топ жетекшілері Майханова К., Жұмагулова А., А.Рахимова қатысты. Іс-шара барысында 1-курс студенттері кітапханаға тіркеліп, жеке оқырман формуляры ашылды. Білім алушыларға кітапханаға жазылу тәртібі, кітаптарды пайдалану және сақтау ережелері түсіндірілді.Сонымен қатар студенттер үшін кітапхана бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында кітапхананың әрбір бөлімі жеке таныстырылып, олардың негізгі қызметі мен жұмыс бағыттары туралы ақпарат берілді. Білім алушылар абонементпен, оқу залымен, кітап қорымен, ақпараттық ресурстармен және электронды базалармен танысты.Кітапхана қызметкерлері студенттерге қажетті әдебиеттерді іздеу, кітап қорын пайдалану және электронды ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсетті.Ашық есік күні барысында білім алушылар кітапхананың мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кітапхана – студенттер үшін әрдайым ашық. Кітап оқып, білім алып, бірге ізденейік!
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ