Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің «Көлік және коммуникация мамандықтары» бөлімшесіндегі 07160600-«Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының студенттері Абуова Айжан Тұрашқызының жетекшілігімен Алматы қаласындағы АLT және Халықаралық көліктік гуманитарлық университеттерінде ұйымдастырылған Ашық есік күніне қатысты.
Мақсаты-колледж бітіруші түлектерге жоғары оқу орндарының мүмкіндіктерін таныстыру, болашақ кәсіби жолын таңдауға көмектесу.
Іс-шара барысында студенттер:
• университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты;
• факультеттер мен мамандықтар туралы толық ақпарат алды;
• университет студенттерімен пікір-алмасты;
• оқу гранттары, қабылдау шарттары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері жөнінде мәлімет алды.
АLT университеті болашақ талапкерлерін жақсы көңіл күймен қарсы алды, өздерінің қарамағындағы жатаханаларға орналастырып азанғы және түскі астарын беріп, Алматының табиғатына саяхат ұйымдастырды.
Студенттеріміз университеттердегі ашық есік күндерінен жаңа әсер, тың ақпарат және үлкен мотивация алып қайтты.
Арманға апарар жол-дұрыс таңдаудан басталады!!!
Сәтті сапар, жарқын болашақ, үлкен жетістіктер тілейміз!!!