Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының "Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты" филиалымен бірлесіп, облыс мектептерінің бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарларымен кәсіби бағдар беру бағытында мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында колледжіміздің мансап және кәсіби бағдар беру орталығының жетекшісі Нұрпейісова Әлия Әлиакбарқызы колледжге оқуға қабылдау ережелері, талапкерлерге ұсынылатын мамандықтар, білім алу мүмкіндіктері және студенттерге жасалатын қолдаулар туралы кеңінен ақпарат берді.Сонымен қатар, колледжіміздің білім беру сапасы, материалдық-техникалық базасы, тәжірибелік оқыту мүмкіндіктері, студенттердің облыстық және республикалық деңгейдегі жетістіктері таныстырылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, болашақ талапкерлерге дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелерін талқылады.Мұндай кездесулер оқушылардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына ықпал етіп, мектеп пен колледж арасындағы байланысты нығайта түседі. Іс-шараны ұйымдастырушы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының "Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты" филиалының аға оқытушысы Есекеева Қарлығаш апайымызға үлкен рахмет айтамыз!!! Алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз.
Кәсіби бағдар-2026 Облыс мектептерінің бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесу
- Қаралды: 41
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ