Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжіндегі 
білім-алушыларды шабыттандырған күн!Колледжімізде «Автомобиль жолының өмірлік циклі: жобалаудан бастап пайдалануға дейін» тақырыбында 07320700- Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» техник-құрылысшы студенттеріне арналған маманнан дәріс-сабақ өткізілді.
ДӘРІСТІҢ МАҚСАТЫ:
Автомобиль жолының өмірлік циклінің барлық кезеңдері туралы (жобалау, құрылыс, пайдалану, жөндеу және реконструкция) жүйелі білім қалыптастыру және олардың өзара байланысын түсіндіру.
МІНДЕТІ:
Автомобиль жолының құрылымы мен негізгі элементтерін түсіндіру; 
Жобалау кезеңінің мазмұны мен маңызын қарастыру; 
Жол құрылысының негізгі технологиялық процестерін сипаттау; 
Пайдалану кезеңіндегі күтім және қауіпсіздік шараларын түсіндіру; 
Жолдың тозу себептері мен қызмет ету мерзімін талдау; 
Жөндеу және реконструкция түрлерін ажырату; 
Жол саласының экологиялық аспектілерін қарастыру;
Заманауи технологиялар мен инновацияларды таныстыру.
ДӘРІСТІ ОҚЫҒАН «КАЗАВТОЖОЛ ҰК» АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ КЕРИМКУЛОВ ЖАСУЛАН МАХАМБЕТОВИЧ.
Дәріс сабаққа колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Айтенова Магрипа Махмутовна және арнайы пән оқытушылары қатысты.Маманнан дәріс-сабақ барысында аталған мамандықтың білім алушылары, болашақ мамандықтарынан толық ақпарат алды және бітіруші топ студенттерін мекемеге жұмыс жасауға және мемлекеттік грант негізінде оқуға түсуге шақырды.Керимкулов Жасулан Махамбетович еңбегіңізге табыс, қызметіңізге абырой тілейміз. Еліңіздің дамуына қосып жүрген үлесіңіз арта берсін!!!