4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, олардың тарихи маңызы мен рухани құндылығын насихаттау, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының шығу тарихы мен мән-мағынасы туралы кеңінен айтылып, олардың тәуелсіз еліміздің басты нышандары екендігі ерекше атап өтілді.Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұратының, ұлттық бірлігі мен тәуелсіздігінің айқын көрінісі. Көк Туымыз – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, Елтаңбамыз – елдігіміз бен берекеміздің, ал Әнұранымыз – халқымыздың асқақ рухы мен патриоттық сезімінің символы. Сондықтан оларды құрметтеу әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы болып табылады.Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің ұжымы Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, еліміздің тұғыры биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей беруіне тілектестік білдіреді!Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы, ұлт мерейі!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді
- Қаралды: 25
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ