Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Исатай Әбдікәрімов туған күніне орай Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі ұйымдастыруымен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында дәстүрлі облыстық волейбол жарысының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті.Дәстүрлі жарыстың негізгі мақсаты – студент жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, жастардың өзара достық қарым-қатынасын нығайту, патриоттық рух пен белсенді өмірлік ұстанымды дәріптеу болып табылады.Салтанатты жиынға колледж басшылығы, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, спорт жанашырлары, оқытушылар мен студент жастар қатысты. Ашылу рәсімінде сөз алған колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Абайбек Жүнісов жастарға сәттілік тілеп, спорттың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жастар тәрбиесінде мұндай тағылымды шаралардың алар орны ерекше екенін атап өтті.Жарысқа облыстағы бірқатар жоғары колледждердің студенттерінен құралған командалар қатысып, өзара бақ сынады.
Жарыстың нәтижесі төмендегідей:
I орын Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж;
II орын Қызылорда медициналық жоғары колледж;
III орын М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж.
ТУРНИРДІҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАРЫ:
"Үздік либеро" - Серғали Нұрпейіс;
"Үздік қорғаушы" - Мусахмет Али;
"Үздк үйлестіруші" - Нағымет Жантөре;
"Үздік шабуылшы" - Уәли Темірлан;
"Үздік ойыншы" - Әзім Әділет.
«Жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларды шын жүректен құттықтаймыз! Командаларға арнайы Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.»
РУС
ENG
ҚАЗ