Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Қазақстандағы өкілдігінің үйлестірушісі Фуат Эрдоғмуш бастаған делегация колледжге жұмыс сапарымен келіп, оқу орнының басшылығымен кездесу өткізді.Кездесу барысында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері талқыланды.Кездесу аясында колледж директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы TİKA ұйымына халықаралық білім беру саласындағы серіктестікті дамытуға қосып отырған үлесі үшін ризашылығын білдіріп, оқу орнының қызметі мен жетістіктерін таныстырды.Атап өтетін жәйт, TİKA қолдауымен колледжде заманауи техникалар мен қуатты компьютерлермен жабдықталған жаңа графикалық дизайн кабинеті жасақталды. Бұл оқу кеңістігі студенттердің шығармашылық әлеуетін арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге, заманауи цифрлық технологияларды меңгеруге зор мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысында колледждің білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында осындай игі бастамаларды жалғастыру мәселесі де айтылды. Бұл қадам Қазақстан мен Түркия арасындағы білім, ғылым және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деген сенім білдірілді.