Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

2026 жылдың 29 сәуірінде «Сыр болашағы» Құзыреттілік орталығында өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңке аясында жергілікті жұмыс берушілер тарапынан 552 бос жұмыс орны ұсынылып, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарынан білім беру, медицина, құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша 1000-ға жуық бос жұмыс орындары таныстырылды.Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысынан келген делегация мүшелері ерікті қоныс аудару мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен ақпарат берді.Қатысушыларға жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар, қысқа мерзімді оқыту, қайтарымсыз гранттар бойынша кеңестер ұсынылды.Жәрмеңке нәтижесінде Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің 3 студенті жұмысқа жолдама алды: Өмірзақ Араббек Болатұлы – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 4 курс студенті («Хадия М» ЖК)Қонысбаев Абылай Әнуарұлы – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы (ИП «Промкомерц») Қыдырбай Мүбарак Жолкенұлы – «Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау» мамандығы («Қонысбай Құрылыс» ЖШС) Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы кәсіби жолдарыңызда биік белестерді бағындырып, таңдаған мамандықтарыңыздың білікті де сұранысқа ие мамандары болуларыңызға тілектеспіз! Әрқашан ізденісте болып, тәжірибелеріңізді арттырып, өз істеріңіздің нағыз шебері атаныңыздар.