Бүгін, 15 қыркүйек күні, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің өкілдері Шиелі ауданындағы «Хуадянь Қазақстан Энергетикасы» компаниясына іссапармен барып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты.Іссапар барысында энергетика саласындағы заманауи өндірістік үдерістер, мамандардың кәсіби даярлығы және техникалық кадрларға қойылатын талаптар жөнінде пікір алмасылды.Кездесудің негізгі мақсаты — колледж бен кәсіпорын арасында әлеуметтік әріптестік орнату және энергетика саласына қажетті білікті мамандарды даярлау бағытында өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру.Алдағы уақытта тараптар арасында өндірістік практика ұйымдастыру, студенттердің кәсіпорын базасында тәжірибеден өтуі, дуальды оқыту элементтерін енгізу, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру және энергетика саласына қажетті кадрларды даярлау бағытында бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарлануда.Колледж үшін өндіріс орындарымен тығыз байланыс орнату — білім алушылардың теориялық білімін нақты өндірістік тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың маңызды тетігі.Энергетика саласындағы осындай әлеуметтік әріптестік жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға өз үлесін қосады.
Энергетика саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту — басты бағыттардың бірі
- Қаралды: 46
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ