БІЛІМ МЕН ӨНДІРІС: ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК
- Қаралды: 31
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өтті.Кездесуді колледж директорының оқу -өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Айтенова Мағрипа Махмудовна ашып, білім мен өндіріс арасындағы серіктестіктің білікті маман даярлаудағы маңызын атап өтті.Іс-шараға «Zavodavtomatika» ЖШС, «Хадия» ЖШС, «Мекен и Компания» ХТ ПТ, «Самат Мұнай» ЖШС, «ГорСервисПроект» ЖШС өкілдері қатысты.Кездесуде дуальды оқытуды дамыту, өндірістік практиканың сапасын арттыру, жаңа практика базаларын қалыптастыру, кәсіпорындарға қажетті кәсіби дағдылар және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.Тараптар колледж бен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, бірлескен жұмысты одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.Ортақ мақсат – жұмысқа дайын, білікті маман даярлау!
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ