Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» атты салтанатты жиын өтті.Мерекелік шарада колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Абайбек Талғатұлы Жүнісов білім алушылар мен педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім мен тәрбиенің, адал еңбек пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.Жиын барысында білім беру саласының дамуына үлес қосып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген колледж қызметкерлері Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ қадірлі қонақтар мен колледж ардагерлері ізгі тілектерін білдірді.Биыл колледжіміздің білім алушылар қатары 24 мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылданған 617 студентпен толықты. Құрметті бірінші курс студенттері, білім ордасына басқан қадамдарыңыз құтты болсын! Сапалы білім алып, білікті маман, адал азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.Салтанатты шара мерекелік әндер мен әсем бимен өрнектеліп, «Алғашқы қоңырау» үні жаңа оқу жылының басталғанын паш етті.Жаңа оқу жылы баршаңызға толағай табыс, шығармашылық ізденіс, жарқын жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер әкелсін.Білім күні құтты болсын!
Білім күні – жаңа мүмкіндіктер бастауы!
- Қаралды: 67
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ