Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+
Мамандығы: 10410200 - “Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару”
Біліктілігі: 4S10410205 «Тасымалдауды ұйымдастырушы технигі »
Толығырақ

Оқу мерзімі:

  • 9 сынып базасында – 3 ж. 10 ай

  • 11 сынып базасында – 2 ж. 10 ай

Осы мамандықты таңдаған білім алушылар теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және пойыздар қозғалысын басқару негіздері туралы, тасымалдау үдерісін тиімді жоспарлау мен үйлестіру тәсілдері мен дағдылары, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жағдайды жедел бағалау, сондай-ақ пойыздар қозғалысын реттеу, станциялық және маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша іскерліктерін дамыту туралы сапалы білім алады.

«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандандыруы үшін маманның кәсіптік қызметінің түрлері:

– теміржол көлігінде жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

– пойыздар қозғалысын басқару және реттеу;

– станциялық және аралықтағы қозғалыс үдерісін үйлестіру;

– пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;

– маневрлік жұмыстарды жоспарлау және қауіпсіз жүргізу;

– қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бақылау;

– тасымалдау үдерісін талдау және тиімділігін арттыру;

– жылжымалы құрамның қозғалысын бақылау және есепке алу;

– тасымалдау құжаттарын рәсімдеу және жүргізу;

– апаттық және төтенше жағдайларда жедел шешім қабылдау;

– сигнализация, байланыс және автоматика құралдарын пайдалану;

– теміржол инфрақұрылымын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

Түлектердің жұмысқа орналасуы:

 Теміржол саласының барлық бағыттарында: станцияларда, жол бөлімшелерінде, тасымалдау ұйымдарында;

Ұлттық және жеке теміржол компанияларында (мысалы, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және оның құрылымдық бөлімшелері);

Теміржол станцияларында (кезекші, оператор, диспетчер қызметтері);

Жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру кәсіпорындарында;

Логистикалық орталықтар мен көлік-экспедициялық компанияларда;

Теміржол қозғалысын басқару және диспетчерлік орталықтарда;

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың теміржол цехтарында;

Көлік және логистика саласындағы жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарында.

Мамандығы: 07160600-«Теміржолдың вагондар мен рефрижираторлы жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету».
Біліктілік: 4S07160603 -техник-электромеханик
Толығырақ

 Оқу мерзімі:

  • 9 сынып базасында – 3 ж. 10 ай

  • 11 сынып базасында – 2 ж. 10 ай

Осы мамандықты таңдаған білім алушылар теміржол көлігіндегі вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету негіздері туралы терең білім алады. Олар жылжымалы құрамның құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін, вагондардың техникалық жағдайын бақылау, ақауларын анықтау және жою тәсілдерін меңгереді.

Сонымен қатар, білім алушылар вагондарды сапалы техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, рефрижераторлы қондырғылардың жұмысын бақылау және олардың тиімділігін арттыру әдістерін үйренеді.

Мамандық иелері қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық ақаулардың алдын алу, жылжымалы құрамның сенімді жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ өндірістік жағдайларда жедел шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады.

Бұдан бөлек, студенттер вагон шаруашылығындағы технологиялық үдерістерді жоспарлау, жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және теміржол көлігіндегі қызмет көрсету деңгейін арттыру бағытында кәсіби іскерліктерін дамытады.

«Теміржолдың вагондар мен рефрижираторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандандыруы үшін маманның кәсіптік қызметінің түрлері:

– жүк және жолаушылар вагондарын пайдалану және олардың техникалық жағдайын бақылау;
– вагондардың ақауларын анықтау, диагностика жүргізу және жою;
– вагондарды ағымдағы және күрделі жөндеуді ұйымдастыру және орындау;
– рефрижираторлы жылжымалы құрамның (тоңазытқыш қондырғылардың) жұмысын қамтамасыз ету;
– рефрижераторлы қондырғылардың техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін жүргізу;
– вагондардың тораптары мен бөлшектерін тексеру, реттеу және ауыстыру;
– техникалық қызмет көрсету пункттерінде (ТО) және жөндеу деполарында жұмыстарды ұйымдастыру;
– жылжымалы құрамның сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– пайдалану барысында ақаулардың алдын алу және профилактикалық жұмыстар жүргізу;
– жөндеу және қызмет көрсету сапасын бақылау;
– техникалық құжаттамаларды жүргізу және рәсімдеу;
– еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау;
– вагон шаруашылығындағы технологиялық үдерістерді жоспарлау және жетілдіру;
– төтенше жағдайларда жедел әрекет ету және техникалық шешім қабылдау.

Түлектердің жұмысқа орналасуы:

  • Теміржол саласының вагон шаруашылығы бағытындағы кәсіпорындарында: вагон деполарында, техникалық қызмет көрсету пункттерінде;
    • Ұлттық және жеке теміржол компанияларында (мысалы, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және оның құрылымдық бөлімшелері);
    • Вагон жөндеу зауыттарында және деполарда (вагон қараушы, жөндеуші слесарь, техник);
    • Рефрижираторлы жылжымалы құрамға қызмет көрсететін кәсіпорындарда;
    • Жүк және жолаушылар вагондарын пайдаланумен айналысатын ұйымдарда;
    • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың теміржол көлігі қызметтерінде (ішкі теміржол желілерінде);
    • Көлік-логистика орталықтарында және жүк тасымалдау компанияларында;
    • Жылжымалы құрамды техникалық бақылау және диагностика жасау ұйымдарында;
    • Теміржол саласындағы сервистік және қызмет көрсету кәсіпорындарында;
    • Көлік саласындағы жобалау, техникалық және ғылыми-зерттеу ұйымдарында.

Мамандығы: 07320800 – «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы»
Біліктілігі: 4S07320803 — «Техник- жолшы, құрылысшы»
Толығырақ

Оқу мерзімі:

  • 9 сынып базасында – 3 ж. 10 ай

  • 11 сынып базасында – 2 ж. 10 ай

Техник - жолшы, құрылысшы кәсіптік қызметінің нысандары:

  1. Темір жол саласында:
  • Темір жол құрылыс компанияларында
  • Рельс төсеу, жөндеу, күтім жұмыстарында
  • Сигнализация және байланыс жүйелерінде
  • Мысалы, Қазақстанда Қазақстан Темір Жолы компаниясында
  1. Автомобиль жолдары саласында:
  • Жол салу және жөндеу ұйымдарында
  • Асфальт-бетон зауыттарында
  • Жол сапасын бақылау зертханаларында
  • Қалалық жол қызметтерінде
  1. Құрылыс компанияларында:
  • Инженер-құрылысшы
  • Жоба жасаушы (проектировщик)
  • Смета есептеуші
  • Техникалық қадағалаушы
  1. 4. Зерттеу және жобалау институттарында:
  • Жол жобалау институттары
  • Геодезия, геология салалары
  • Инженерлік зерттеулер
  1. 5. Жеке кәсіпкерлік:
  • Жол жөндеу бригадасын ашу
  • Құрылыс қызметтерін көрсету
  • Техниканы жалға беру

«07320800 – Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығын бітірген соң түлектер нақты өндірісте сұранысқа ие маман болады. Олар мынадай жұмыстар атқарады:

Темір жол құрылысшысы

  • Жаңа темір жол желілерін салады
  • Рельс, шпал, балласт төсеу жұмыстарын жүргізеді

 Жол шебері (мастер)

  • Темір жолдың жағдайын бақылап, ақауларды анықтайды
  • Жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады

Геодезист (өлшеуші маман)

  • Жолдың бағытын, деңгейін арнайы құралдармен өлшейді
  • Құрылысқа қажетті дәл есептер жасайды

Техник-механик

  • Темір жол техникалары мен құрал-жабдықтарын тексереді
  • Олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді

Инженер-технолог

  • Құрылыс пен жөндеу жұмыстарының жоспарын жасайды
  • Қауіпсіздік пен сапаны қадағалайды

 Қайда жұмыс істейді?

  • Темір жол мекемелерінде
  • Құрылыс компанияларында
  • Жол жөндеу ұйымдарында
  • Мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда

Түлектердің жұмысқа орналасуы:

  • құрылымдық бөлімшелерде: жол дистанциялары, жол машина станциялары (ПМС), метро позицияларында:
  • жол бригадирі,
  • жол шебері,
  • техникалық бөлімдердің инженерлері,
  • жол дистанциялары бастықтарының орынбасарлары;
  • жолды бақылау және диагностикалау орталығы:
  • өлшейтін машиналарды қадағалау,
  • жол ақауларын анықтау зертханалары;
  • қалалық электр көлігінде (трамвай депосында);
  • өнеркәсіптік темір жол көлігі кәсіпорындарында;
  • ғимараттар мен құрылыстар қашықтығындағы ғимараттарды салу және жөндеу бойынша прорабтар мен бригадирлер (НҚҚ);
  • көліктік құрылыс кәсіпорындары мен жобалау институттарындағы техниктер мен маркшейдерлер.
Мамандығы: 07160500«Теміржолдың жылжымалы құрамдарын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
Біліктілігі: 4S07160503— «Техник-электромеханик»
Толығырақ

Оқу мерзімі:

  • 9 сынып базасында – 3 ж. 10 ай

  • 11 сынып базасында – 2 ж. 10 ай

  1. Кәсіби қызмет объектілері

Техник‑электромеханик маманының кәсіби қызмет объектілері:

  1. Тепловоздар, электровоздар, маневрлік локомотивтер
  2. Жүк және жолаушылар вагондары
  3. Локомотив және вагондардың электро және механикалық жүйелері
  4. Техникалық диагностикалық және жөндеу құралдары
  5. Локомотив депосы мен вагон депосындағы жөндеу цехтары
  6. Энергетикалық жабдықтар мен электр байланыс жүйелері

Қарапайым тілмен: техник‑электромеханик локомотив пен вагондарды жөндейді, техникалық қызмет көрсетеді және олардың қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

  1. Негізгі құзыреттері

Кәсіби құзыреттері:

  • Локомотив және вагондардың техникалық жағдайын тексеру және диагностикалау
  • Электро және механикалық жүйелерді техникалық қызмет көрсету және жөндеу
  • Ақауларды анықтау және түзету
  • Жөндеу жұмыстарының технологиясын сақтау
  • Техникалық құжаттамамен жұмыс жасау
  • Жөндеу цехында құрал-саймандарды пайдалану
  • Транспорттық қауіпсіздік талаптарын сақтау

Жалпы құзыреттер:

  • Ақпараттық жүйелерді пайдалану
  • Командалық жұмыс
  • Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау
  • Техникалық есептер мен журналдарды жүргізу
  1. Жұмыс істейтін мекемелері (лауазымдары)

Техник‑электромеханик келесі ұйымдарда жұмыс істейді:

  • Локомотив деполары (Тепловоз, электровоз жөндеу және қызмет көрсету)
  • Вагон деполары (жолаушылар және жүк вагондарын жөндеу)
  • Теміржол қозғалысын қолдайтын цехтар мен қызмет көрсету пункттері
  • Энергетикалық және электр жүйелері бар деполар

Мысалы ұйымдар:

  • Қазақстан Темір Жолы – ұлттық теміржол компаниясы
  • KTZ Express – жүк тасымалдау
  • Локомотив және вагон жөндеу цехтары

Лауазымдар мысалы: техник‑электромеханик, электромеханик, жөндеу слесары, локомотив жөндеу бригадасы мүшесі.

04130200 – Логистика (салалар бойынша)
Біліктілік 4S04130202 – Экспедитор 
Толығырақ

Біліктілік (дипломда жазылады)
Оқуды бітіргенде:
•    4S04130202 – Экспедитор 
 Логистика — тауарды бір жерден екінші жерге дұрыс, тез және арзан жеткізуді ұйымдастыру
•    тауардың қайдан келетінін 
•    қалай жеткізілетінін 
•    қай жерде сақталатынын 
•    қанша уақыт кететінін 
•    
 Негізгі жұмыс:
•    тасымалдау 
•    қойма 
•    жеткізу 
•    жоспарлау 
 Логист не істейді?
•     Жүк тасымалын ұйымдастырасың 
•    Қоймадағы тауарды бақылайсың 
•     Маршрут (жол) жоспарлайсың 
•    Шығынды азайтасың 
•    Жүктің қайда екенін қадағалайсың 
 
 Оқу мерзімі
•    9 сыныптан кейін: 2 жыл 10 ай 
•    11 сыныптан кейін: 1 жыл 10 ай 

 Кім болып жұмыс істейсің?
Негізгі мамандықтар:
•    Логист 
•    Экспедитор 
•    Қойма менеджері 
•    Тасымалдау менеджері 

Қай жерде жұмыс істейді?
Бұл мамандықтың ең үлкен плюсы 
 Жұмыс орындары:
•    Склад (қойма) 
•    Сауда компаниялары 
•    Зауыттар 
•    Интернет-дүкендер 
Ұйымдар:
•    Транспорт компаниялары 
•    Курьерлік қызметтер 
•    Ірі супермаркеттер 
•    Экспорт/импорт компаниялары 

 Логистиканың түрлері
•    Көлік логистикасы  
•    Қойма логистикасы 
•    Өндірістік 
•    Кедендік 
•    Ақпараттық 

 Артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары:
•    Өте сұраныста 
•    Кең таңдау (көп салада жұмыс бар) 
•    Карьера тез өседі 
Кемшіліктері:
•    Стресс (жеткізу кешіксе — сен жауапты) 
•    Көп есеп, жоспарлау 
•    Клиенттермен жұмыс қиын болуы мүмкін 

 Бұл — тауар қозғалысын басқаратын бизнес мамандық
 Жұмыс: тасымалдау, қойма, жеткізу
Кез келген компанияда керек маман

Мамандығы 07140700 -Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару
Біліктілігі: 4S07140703 — Техник-электромеханик
Толығырақ

Оқу мерзімі:

  • 9 сынып базасында – 3 ж. 10 ай
  • 11 сынып базасында – 2 ж. 10 ай
  •  

Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару мамандығы колледжде оқып жүрген кезде нақты техникалық әрі практикалық дағдыларды қалыптастырады. Бұл бағыт теміржолдағы қауіпсіздік пен қозғалысты ұйымдастырудың “жүрегі” саналады. Студенттерндің негізгі алатын бірнеше дағдылары бар, олар:

 

Техникалық дағдылар

  • Автоматика және телемеханика жүйелерінің жұмыс принциптерін түсіну
  • Теміржолдағы сигнал беру (светофорлар, блоктау жүйелері)
  • Рельстік тізбектер мен датчиктердің жұмысын зерттеу
  • Электр схемаларын оқу және құрастыру
  • Жабдықтарды тексеру, диагностика жасау

 Практикалық жұмыс

  • Теміржол автоматика құрылғыларын орнату және реттеу
  • Ақауларды табу және жөндеу
  • Өндірістік практика кезінде нақты теміржол нысандарында жұмыс істеу
  • Қауіпсіздік техникасын сақтау

 Цифрлық және басқару дағдылары

  • Басқару пульттерімен жұмыс істеу
  • Автоматтандырылған басқару жүйелері (АСУ)
  • Компьютерлік бағдарламалар арқылы мониторинг жүргізу

Сонымен қоса теміржол ережелері мен стандарттарын білу, жылдам шешім қабылдау,төтенше жағдайларда әрекет ету және жылдам шешім қабылдау басты міндет болып табылады.

ұл мамандық бойынша түлектер негізінен теміржол саласына байланысты мекемелерде жұмысқа орналасады. Себебі сенің білімің — қозғалысты басқару, сигнализация және автоматика жүйелерін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Түлектер бітіргендегі негізгі жұмыс орындары:

  1. Ұлттық теміржол компаниялары
  • Қазақстан Темір Жолы (ҚТЖ) – ең басты жұмыс беруші
    Оның ішінде:
    • сигнализация және байланыс электромеханигі
    • пойыз қозғалысын басқару диспетчері (көмекші)
    • автоматика технигі
      болып жұмыс істей аласың
  1. Теміржол станциялары мен деполар
  • Станциядағы қозғалысты басқару жүйелері
  • Локомотив және вагон деполары (жабдықтарды бақылау)
  1. Байланыс және сигнализация қызметтері
  • Теміржолдағы байланыс жүйелерін қамтамасыз ететін бөлімдер
  • Кабельдік желілер, релелік шкафтар, басқару пульттерімен жұмыс
  1. Өнеркәсіптік кәсіпорындар
    Кейбір ірі зауыттарда өздерінің теміржол желісі болады:
  • Мұнай-газ кәсіпорындары
  • Тау-кен өндірістері
    Осындай жерлерде ішкі теміржол қозғалысын автоматтандыру қажет
  1. Метро және қалалық көлік жүйелері
  • Алматы метрополитені
    Автоматика мен сигнализация жүйелері ұқсас болғандықтан жұмыс істеуге болады
  1. Жеке сервистік компаниялар
  • Теміржол жабдықтарын орнату, жөндеу және қызмет көрсету
  • Жобалау және монтаж жұмыстарымен айналысатын фирмалар

Бұл мамандықтың жақсы жағы — жұмыссыз қалу ықтималдығы төмен, себебі теміржол әрқашан қажет сала. Әсіресе тәжірибе жинасаң, мансаптық өсу де бар (аға техник, инженер, диспетчер).