Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж кітапхана қызметкерлерінің және «Көлік және логистика» бөлімшесінің арнайы пән оқытушысы Қ. Айтбайқызымен бірлескен қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби жыр кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты: Ақынның бай мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
Кеш барысында ақынның атақты «Ленинградтық өренім» өлеңі ерекше форматта ұсынылды. Жырдың мазмұнын терең ашу мақсатында жасанды интеллект технологиялары қолданылып, көркем бейнеролик көрсетілді. Бұл көрініс көрермендерге өлеңнің тарихи мәнін, патриоттық рухын және адамгершілік идеясын кеңінен түсінуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, ақынның өмір жолын қамтитын бейнероликтер көрсетіліп, көрермендерге оның шығармашылық жолы мен өмір белестері жан-жақты таныстырылды. Іс-шара аясында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, Жамбыл Жабаев шығармалары мен ол туралы зерттеу еңбектері,айтыс,дастандары, көптомдық шығармалары таныстырылды. Кеш барысында қатысуышылар Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтермен бөлісіп, ақынның жалынды жырларын мәнерлеп оқыды. Шараға «Көлік және коммуникация» бөлімшесінің 1 курс студенттері қатысты.
Жыр кеші ұлттық рухты жаңғыртып, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Оның жырлары – бүгін де өзекті. Оның поэзиясы – бүгін де өміршең.
РУС
ENG
ҚАЗ
