Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Наурыз - жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мейрамы. Осы ұлық мереке қарсаңында колледжіміздің «Кен орындарын игеру және сандық технология» бөлімшесінің ерікті білім алушылары игі істің басында болды.

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ту еткен студенттеріміз колледж ауласына мәңгі жасыл Туя (Thuja) ағаштарын отырғызды. Бұл тек ағаш егу емес, табиғатқа деген құрмет пен болашаққа салынған инвестиция!

​Туя ағашы ауаны тазартып, айналаға ерекше сән береді.

​Болашақ технология мамандары тек техниканы ғана емес, табиғатты да игере алатынын дәлелдеді.

​Еріктілер тобы бірлесе еңбек етіп, нағыз командалық рухты көрсетті.

 Көктемнің шуағымен егілген бұл жас көшеттер колледжіміздің айнасына айналып, бой түзеп өсе беретініне сенімдіміз. Жасыл желек жайқала берсін!

​Біздің студенттер - біздің мақтанышымыз!