Рамазан айының мейірім мен ізгілікке толы күндерінде «Политехникалық мамандықтары» бөлімшесіне қарасты АД-25о, ЭО-25о, ПСК-25о, ЛЭП-25о оқу топтары «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында жиналған азық-түлік қоржындары көпбалалы отбасыларға табысталды. Бұл игі шара арқылы студенттеріміз мейірімділік, бауырмалдық, жанашырлық, өзара сыйластық пен ауызбіршілік құндылықтарын іс жүзінде көрсете білді.
Қайырымдылық акциясы студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамға деген қамқорлық сезімін қалыптастыруға зор ықпал етті. Осындай сауапты бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
Акцияның жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдіріп, демеушілік жасап, белсенділік танытқан ата-аналарымыз бен студенттерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында көптеген отбасыларға қуаныш пен үміт ұялатып, жүректерге жылу сыйлай алдық.
Бірлігіміз бекем, ниетіміз түзу болсын!
РУС
ENG
ҚАЗ
