Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+
2026 жылдың 10 сәуір күні «Заң және тәртіп» жобасы аясында 1 курс білім алушылары арасында мазмұнды профилактикалық қосымша сабақтар ұйымдастырылды.Аталған іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың тұлғалық дамуын қолдау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, буллингтің және құқыққа қайшы мінез-құлықтың барлық түрлерінің алдын алу болып табылады. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Сабақтар тәжірибелі мамандардың, атап айтқанда прокуратура мен полиция органдарының бұрынғы қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Осындай тәлімгерлердің өмірлік және кәсіби тәжірибесі жастарға ерекше әсер етіп, олардың заңға деген көзқарасын оң бағытта қалыптастыруға ықпал етеді.Кездесу барысында заң ғылымдарының кандидаты, отставкадағы полковник, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарған және қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы білім алушылармен ашық сұхбат жүргізді. Ол өз сөзінде: — құқықтық сананың маңыздылығы; — заң талаптарын сақтау қажеттілігі; — девиантты мінез-құлықтың алдын алу жолдары; — жастар арасындағы буллинг пен зорлық-зомбылықтың салдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Ашық диалог форматындағы бұл кездесу олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және дұрыс шешім қабылдай білуіне ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы белсенді, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. «Заң және тәртіп» қағидаты – әрбір жас үшін өмірлік ұстанымға айналуы тиіс!