2026 жылғы 13 ақпанда Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары аясында колледж студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын нығайту.
Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жаукеев Ердәулет Баянбайұлы қатысып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллинг, сталкинг, нашақорлық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірме жүргізді.
Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты өмірлік мысалдар арқылы заң талаптарының маңызын терең түсінді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүру ережелерін ұстану және интернет алаяқтарынан сақтану жолдары кеңінен талқыланды.
Колледж директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы жасөспірімдер арасында жиі кездесетін топтық төбелестердің алдын алу, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, тәртіп сақтау және жеке жауапкершілік мәселелеріне тоқталып, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың көшеде жүруіне қойылатын талаптар түсіндірілді.
Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау.
Тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғамның негізі.
Бірлескен жұмыс – жарқын болашақ кепілі.
РУС
ENG
ҚАЗ
