Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда Политехникалық жоғары колледжінде "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" мамандығының 2 курс студенттеріне Alit - Master компаниясының Master өнімінің бояулары мен декоративтік сылақтардың жағылу тәсілдері - атты шеберлік сағаты өтті . Бұл шеберлік сағатының негізгі мақсаты - колледж студенттеріне заманауи құрылыс және әрлеу материалдарының түрлерімен, соның ішінде жаңа үлгідегі бояулар мен декоративтік сылақтардың ерекшеліктерімен таныстыру, оларды дұрыс таңдау және тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.Шеберлік сағаты барысында тыңдаушылар әртүрлі декоративтік сылақ түрлерін (фактуралы, травертин,құрылымдық) және заманауи бояу технологияларын тәжірибе жүзінде меңгереді. Сонымен қатар, беттерді дайындау, бояу жағу техникасы, құралдарды дұрыс пайдалану және қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері де қарастырылады.Осы сабақ арқылы колледж студенттері шығармашылық қабілеттері дамып, интерьерді безендіруде эстетикалық талғамы қалыптасады. Заманауи технологияларды қолдану арқылы сапалы және ұзақ мерзімді әрлеу жұмыстарын орындау дағдылары жетілдіріледі.Нәтижесінде, студенттер алған білімдерін тәжірибеде қолдана отырып, кәсіби шеберліктерін арттырады және құрылыс саласында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуға мүмкіндік алады.