2026 жылдың 17 сәуір күні «Жас маманның кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім негізі» апталығы аясында «Кәсіпке қадам: сүт өндірісінің қыр-сыры» атты танымдық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара «Тұмар» шағын өнеркәсіп алаңында өткізілді. «Тұмар» шағын өнеркәсіп алаңында басқарушы Ибрагимова Жанар Әмзеқызы білім алушыларды өндірістік цехтармен таныстырып, өндіріс жұмысының ерекшеліктерін түсіндірді. Ал сүт өңдеу цехының технологы Әбласанов Н. сүт өнімдерін өндіру технологиясы мен өндірістік үдерістердің жүргізілуі туралы түсіндірме берді. Экскурсия барысында білім алушылар «Балқаймақ» сүт өңдеу цехында сүтті қабылдау, пастерлеу, салқындату және қаптау үдерістерімен танысып, айран дайындау технологиясын көрді. Сондай-ақ шұжық және жартылай фабрикаттар дайындау кезеңдерін бақылап, өндіріс үдерістерімен танысты. Іс-шараға «Сүт және сүт өнімдерін өндіру” мамандығы ТМ-25 оқу тобының студенттері, оқытушылар мен өндіріс мамандары қатысты. Мұндай танымдық сабақтар 1-курс білім алушыларының таңдаған мамандығына бейімделуіне және кәсіби қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Ұйымдастырушылар: арнайы пән оқытушылары Жанжігіт Н., Байманова А.
РУС
ENG
ҚАЗ