Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Колледж аруы - 2026» атты сайыс өтті.Сайыстың мақсаты – сыры мен сымбаты, ақылы менпарасаты, талғамы мен талабы үйлесім тапқан колледж аруын анықтау арқылы жастарға рухани-эстетикалық тәрбие беру.Ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін 8 аруларымыз 4 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.
Сайыс кезеңдер:
1.«Мен қазақтың қызымын» – Таныстыру кезеңі. Таныстыру барысында қатысушы өзінің аты-жөнін, мамандығын, өмірлік ұстанымын және болашақ армандарын ерекше стильде жеткізеді.
2.“Парасат пен пайым”. Сұрақ-жауап кезеңі. Бұл кезеңде қатысушылардың білім деңгейі, тапқырлығы, ой ұшқырлығы және өз ойын жүйелі жеткізе білу қабілеті анықталады.
Қатысушы арнайы дайындалған сұрақтар ішінен 2 сұрақты таңдап, сол сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап береді.
3.“Өнерлі болсаң,озып көр” Шығармашылық кезең. Қыздарымыз өздерінің ерекше таланттарын көрсетеді. (ән айту, би билеу, монолог оқу, актерлік шеберлік).
4.«Ұлттық сән — ұрпаққа мұра» Сән көрсетілімі. Әр қатысушы алдын ала таңдап алған қазақ қызының(әйелінің) бала кезінен бастап қартайған шағына дейінгі өмір кезеңдеріне сәйкес ұлттық киім үлгілерін сахнада дефиле арқылы көрсетеді.
Сайысқа төрелік жасаған әділ-қазыларымыз:
1. “Сыр аруы-2020” бас жүлде иегері, Республикалық “Қазақ аруы-2020” финалисті, Жастар театрының актрисасы-Аружан Серік
2. Қызылорда медициналық жоғары колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті-Бериков Елжан Берикович
3. №125 HIGH SCHOOL мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Кеңесұлы Әли.
Бар шеберліктерін салып өнер көрсеткен арулар, сұлулығы мен сымбаттылығы, ақылдылығы мен инабаттылығы, өзін-өзі ұстай білуі, өнері – ән айту, би билеу, білім деңгейлеріне қарап бағаланды.Байқау қорытындысы бойынша өзі білімімен, өнерімен, жан-жақтылығымен, "Көлік және коммуникация мамандықтары" бөлімшесінің Л-25о тобының білім алушысы Кентайқызы Гүлсезім жеңімпаз атанып, «Колледж аруы – 2026» атағын иеленді.Сонымен қатар, байқауға қатысушы аруларымыз үздік өнер көрсеткені үшін марапатталды. Колледждің ару қыздарының сән мен сымбат кеші барлық жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
РУС
ENG
ҚАЗ