Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж кітапханасында «Кітап пен шабыт мекені»тақырыбында BiblioCafe өткізілді.Мақсаты: Студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру,оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.Шараның басты ерекшелігі – “BiblioCafe” форматында ұйымдастырылуы болды. Кітапхана бұл күні жай ғана оқу орны емес, жылы атмосфераға толы шығармашылық алаңға айналды. Студенттер өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, оқыған шығармалары туралы ой-пікірлерін ортаға салды.Кеш барысында қатысушыларға арналған қызықты интеллектуалдық сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, кітап, әдебиет және таным тақырыптары бойынша түрлі тапсырмалар берілді. Бұл бөлім студенттердің белсенділігін арттырып, олардың білімін сынауға мүмкіндік берді.Сонымен қатар, шара аясында арнайы “Тілек тақтасы” ұйымдастырылып, оқырмандар кітапханаға деген жылы лебіздері мен алғыстарын жазып қалдырды. Бұл – кітапхана мен оқырман арасындағы байланысы арта түсті. Сонымен қатар кітапханаға жиі келіп,белсенділік танытып жүрген оқырмандар алғыс хаттар мен мараптталды. Шара соңында оқырмандар «BiblioCafe» форматында шай үстінде өз ойларымен бөлісіп әңгіме құрды.Аталған шара студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кітапхананың рухани-мәдени орталық ретіндегі маңызын көрсетті.Кітап – білімнің қайнар көзі, ал оны қадірлей білген ұрпақ – ел болашағы.