Сырдария ауданы мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді
Өткен апта күндері Сырдария ауданы бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Аудан мектептерін аралау барысында оқушылармен кездесулер ұйымдастырылып, колледждің барлық мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді.
Жалпы колледж бойынша 30 мамандық, 31 біліктілік бар. Мектеп оқушыларына осы мамандықтардың ара жігін ажыратып, толық түсіндірме айтылды. Атап айтқанда, №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейі, №147 орта мектебі, №174 орта мектебі, №130 Абай атындағы орта мектебі, №139 орта мектебі сияқты білім беру ұйымдарында оқушылармен мазмұнды кездесулер өтті.Кездесу барысында талапкерлерге оқу орындары, сұранысқа ие мамандықтар, грант мүмкіндіктері мен еңбек нарығындағы бағыттар түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттік өмір, тәжірибе алмасу және кәсіби даму жолдары туралы нақты мысалдар келтірілді.Мұндай іс-шаралар оқушылардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына ықпал етіп, олардың болашаққа деген сенімін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Кәсіби бағдар
- Қаралды: 46
Пікірлер қосу
РУС
ENG
ҚАЗ