Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының "Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты" филиалымен бірлесе отырып колледжімізде мектептердің кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты орынбасарлармен мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Дүрман Бағдәулет Дербісәліұлы колледжіміздің білім беру бағыттары, мамандықтар тізімі, оқу үдерісі және студенттерге жасалған мүмкіндіктер турасында кеңінен таныстырды. Сонымен қатар мектеп пен колледж арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту,оқушыларға дұрыс кәсіби бағыт беру жолдары талқыланды.Қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстармен бөлісті.Алдағы уақытта да бірлескен жобалар мен тиімді кездесулер жалғасын табады.