Бүгін біздің оқу ордамызда Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектебі және Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің бітіруші түлектеріне ашық есік күні ұйымдастырылып, талапкерлерге ерекше мүмкіндік ұсынылды. Келген талапкерлер оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Іс-шара барысында шеберлдік сыныптары, экскурсиялар және қызықты кездесулер ұйымдастырылды. Болашақ студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар алды. Бізге келген әрбір талапкерге алғысымызды білдіреміз!!Құрметті талапкер Сіздерді біздің үлкен отбасымыздың мүшесі ретінде көруге қуаныштымыз!!!Болашағыңызды бүгіннен бастаңыз!!!
РУС
ENG
ҚАЗ