Бізде қонақта – мектеп оқушылары! Колледжімізге №172 Нәлқожа Ергешбаев атындағы орта мектебінің бітіруші сыныптарының оқушылары келіп, ашық есік күніне белсенді қатысты. Болашақ талапкерлер оқу орнымен жақынырақ танысып, заманауи мамандықтар туралы ақпарат алып, оқытушылар мен студенттермен еркін пікір алмасты. Кездесу барысында: Әр мамандық ерекшелігі түсіндірілді; Студенттік өмірдің қызықты сәттерімен бөлісті
Бұл күн - олардың болашақ мамандығын таңдауға үлкен қадам болды! Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан, осы мектепке жауапты маман Ибраева Жанар Абдукаримовнаға шынайы алғысымызды білдіреміз!!!
РУС
ENG
ҚАЗ