Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

Қала прокуратурасының бастамасы және Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы үйлестіруімен түсірілген «Закладчики. Мать» деректі фильмі аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі студенттеріне арнайы көрсетілім ұйымдастырылды.

Көрсетілімге «Кен орындарын игеру және сандық технологиялар» мамандықтары бөлімшесінің оқу топтары қатысты. Фильм мазмұны қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – есірткі қылмысының жастар өміріне тигізетін ауыр зардаптарын шынайы оқиғалар арқылы көрсетті.

Студенттер фильмді үлкен жауапкершілікпен қарап, терең ой түйді. Көрсетілімнен кейін пікір алмасу ұйымдастырылып, білім алушылар құқықбұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және жеке қауіпсіздік мәселелері жөнінде өз көзқарастарын білдірді. Көпшілік студенттер саналы таңдау жасау, зиянды әрекеттерден аулақ болу және болашаққа жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.

Мұндай тәрбиелік маңызы зор шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және теріс әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді.
Жастар – ел болашағы. Сондықтан олардың қауіпсіздігі мен саналы өмірлік ұстаным қалыптастыруы – баршамыздың ортақ міндетіміз.