Қызылорда облысының білім басқармасының «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК
AA+

2026 жылғы 2-сәуір күні Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің базасында 07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша "Project Supervision" бағдарламасы аясында халықаралық салалық аккредитация шеңберінде NCCER халықаралық сертификатталған оқыту бағдарламасы (ICTP) бойынша колледж студенттеріне кеңес беру және соңғы кезең» тестке дайындық жұмыстары жүргізілді.Соңғы кезеңі - 15 студенттің тесттен өткендігін, "Project Supervision" бағдарламасы аясында халықаралық салалық аккредитация шеңберінде NCCER халықаралық сертификатталғандығын білдіреді. Тестті Қазақстандағы NCCER-дің ресми өкілі болып табылатын "АРЕС Training Center" ЖШС командасы жүргізуде.Бұл сертификат - түлектердің Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтетін негізгі құрал. Ол кәсіби дағдыларды халықаралық жүйе бойынша растайды және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
NCCER (National Center for Construction Education and Research) - көптеген елдерде құрылыс және техникалық салаларда кадр даярлаудың мойындалған стандарты болып табылады.